Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (51) Ұлағатты сөздер (28)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"жалғыздық" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"жалғыздық" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жалғыздық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.

Ілмектер: үміт, жас, жалғыздық, жарлы, кедей, ауру, кәрілік, өмір Жиренше шешен
WhatsApp Telegram

Өмірде дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал: әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс; әркіммен өмір сүргенше, жалғыз болған дұрыс.

Ілмектер: өмір, қағида, ереже, тамақ, жалғыздық Омар Хайям
WhatsApp Telegram

Адамға махаббат қонған кезде жүрегі жерде жоқ элементпен толығады. Оның себебін білесің бе? Бұл бақыттың құпия сыры неде деп ойлайсың? Ол тек жалғыздығымыздың бітуімен байланысты.

Ілмектер: махаббат, жүрек, құпия, бақыт, жалғыздық Ги де Мопассан
WhatsApp Telegram

Жалғыздықпен өмір сүру және одан рахаттану - ұлы қабілет.

Ілмектер: жалғыздық, қарым-қатынас, өмір, қабілет Бернард Шоу
WhatsApp Telegram

Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.

Ілмектер: бақыт, қайғы, жалғыздық Элберт Хаббард
WhatsApp Telegram

Дүниеде жалғыз қалған адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында.

Ілмектер: дүние, жалғыздық, адам Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Жалғыздықтан үлес алып, өзіңе пайда келтіре алу - дарын.

Ілмектер: Жалғыздық, пайда Бернард Шоу
WhatsApp Telegram

Жалғыздықты (жалғыз қалуды), үлкен қалалардан іздеу керек.

Ілмектер: жалғыз қалу, жалғыздық Рене Декарт
WhatsApp Telegram