Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (54) Өлеңдер (95) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (875)

Терең су жай ағады, ақылды адамдар тыныш өмір сүреді

Ілмектер: су, ақылды, адам, өмір, тыныш Александр Пушкин

Адамдардың сыпайыгершілікке уақыты жетпейтіндей өмір соншалық шолақ емес.

Ілмектер: сыпайыгершілік, өмір, адам, уақыт Ральф Эмерсон

Дүниеде жалғыз қалған адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында.

Ілмектер: дүние, жалғыздық, адам Абай Құнанбайұлы

Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ.

Ілмектер: адам, дүние Қадыр Мырза Әли

Адам өзі бұзылса, оған барлық дүние құрығандай көрінеді.

Ілмектер: адам, дүние Михаил Лермонтов

Ой-хой, дүние серуен,
Адам бір көшкен керуен.

Ілмектер: адам, дүние Жамбыл Жабаев

Егер сонда бірін-бірі жақсы көрген екі адам бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын екі аққуға ұқсаса, міне, сонда ғана олар — шын ғашықтар.

Ілмектер: ғашық, ғашықтар, махаббат, адам, өмір Ілияс Есенберлин

Кездейсоқтыққа сенетін адам өз өмірін лотереяға айналдырады.

Ілмектер: өмір, Кездейсоқтық, лотерея, адам Томас Фуллер

Жақыңдап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңіл қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да —
Үмітін жоймас адамзат!

Ілмектер: адам, үміт, өмір, ажал Бұқар жырау

Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан,
Оны қуып несіне адам құмартқан?!

Ілмектер: өмір, адам, құмарлық Жүсіп Баласағұни

Әлсіз адамдар өмірді түсінбейді, ал ержүректер оны меңгеріп алады.

Ілмектер: әлсіз, адам, ержүрек, өмір Сергей Довлатов

Бөгде адамның жетістігіне қуана білмеген адамға әлеуметтік өмірдің мақсаты да жат.

Ілмектер: адам, қуаныш, өмір, әлеумет Антон Чехов

Адам өмірі — қылдан нәзік.

Ілмектер: адам, өмір Жүсіп Баласағұни

Тірі адам — табылар.

Ілмектер: адам, тірі, өмір Жүсіп Баласағұни

Тумақ — сүннет, өлмек — парыз.

Ілмектер: өмір, адам, өлім Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.

Ілмектер: адам, әділдік, өмір Әбіш Кекілбаев

Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.

Ілмектер: еңбек, адам, өмір, мақсат, бақыт, мұрат Антон Чехов

Ең қайырлы кісі бала-шағасына және әйеліне көп пайдасын тигізетін адам.

Ілмектер: пайда, әйел, бала-шаға, адам Абдулқадір Гейлани

Адамның ойы ұшқыр болатындықтан, санаңызды ұлы ойлармен қоректендіріңіз.

Ілмектер: адам, ой, сана, ұлы Бенджамин Дизраэли

Бір нәрсені бастау үшін ұлы адам болу міндетті емес, бірақ ұлы болғыңыз келсе, бастау – сіздің парызыңыз.

Ілмектер: ұлы, адам, парыз Зиг Циглар