Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (127)

Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді.

Ілмектер: қоян, арыстан, іс, аң Құтып

Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.

Ілмектер: ақыл, ақымақ, түс, іс, араб мақалы

Білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.

Ілмектер: білім, іс, өкініш Иүгінеки Ахмед

Жалқаулық кез-келген істі қиындатады.

Ілмектер: жалқаулық, іс Бенджамин Франклин

Адамның жайын ауылдасы білмейді, істесі біледі.

Ілмектер: адам, іс Сәкен Сейфуллин

Еш нәрсе істемеуге болатын кездің қандай екені миыма кірмейді.

Ілмектер: ештеңе, іс, ми Федор Достоевский

Сөз — істің елесі.

Ілмектер: сөз, іс, елес Демокрит

Саулық тілеп, табыс күтсең ісіңнен,
Жарамайтын сөз шығарма ісіңнен.

Ілмектер: саулық, табыс, сөз, іс Жүсіп Баласағұни

Һәркімнің ізіне түсіп қуған, үйренген бір ісі болады. Со ісін ол басқалардан артығырақ біледі. Егер оқу, оқытуды машықтап, ол оқытудың һәм оқытқан нәрселерінің асыл тәртібін, түп негізін анық білетін кісілер жазу хақында өз пікірлерін түсінікті етіп жазса, сынаушы деп соларды айтуға жарайды.

Ілмектер: оқу, іс, сынаушы Міржақып Дулатұлы

Айту – бізден, істеу – сізден.

Ілмектер: іс Міржақып Дулатұлы

Өңкей жаман қосылса — шығарады егесті,
Мәмілемен іс бітер, бас қосып қалса көп есті.

Ілмектер: жаман, іс, мәміле Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Адамдар сөйлеуді жақсы көреді, бірақ айтқандарымен амал етуді, үйренген нәрселерімен тіршілік етуді тәрк етеді.

Ілмектер: сөз, іс, Өмір, Қоғам, бос сөз Сәләма бин Динар

Адамдардың сөзіне емес, ісіне қара! Әркімнің сөзіне алданба.

Ілмектер: адам, сөз, іс Ахмет Намық Жами

Тірлігім көбейген сайын, көбірек оқимын.

Ілмектер: іс, кітап, оқу, нақыл, афоризм Майкл Фарадей

Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ,
Біреудің намаздан басқан ісі жоқ.

Ілмектер: намаз, іс, нақыл, афоризм Сырым Датұлы

Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады, сөздегі қателік істегі қателікті тудырады.

Ілмектер: сөз, қателік, іс, нақыл, афоризм Дмитрий Иванович Писарев

Егер де сіз бір нәрсе жасасаңыз және ол өте сәтті шықса, онда онымен тоқтап қалмаңыз – алға қарай қадам жасап, тағы да біреуін жасаңыз. Маңыздысы одан әрі не істеу керегін анықтап алу.

Ілмектер: стратегия, іс Стив Джобс

Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.

Ілмектер: ой, іс, нақыл, афоризм Лао-цзы

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.

Ілмектер: мақсат, іс, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

Ілмектер: сөз, ақыл, іс, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов

Пікірлер