Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Өлеңдер (34) Мақал-мәтелдер (365) Ұлағатты сөздер (65)

"ер" туралы Ұлағатты сөздер

"ер" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ер" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, ер, кісі Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.

Ілмектер: нағыз, ер, дүние, мал Білге қаған
WhatsApp Telegram

Ер кісі бір мезгілінде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса, ері аңға не жорыққа кеткенде, әйелі ерінің отбасын көңірсітпей, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тағам беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды, ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Керісінше, әйел парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздағы сөзі аяқтыға жол болады.

Ілмектер: ер, әйел, адамгершілік Шыңғыс хан
WhatsApp Telegram

Ердің туы – намыс

Ілмектер: ер, намыс Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ақылсыз ердің тілі — өз басының дұшпаны.

Ілмектер: ер, тіл, дұшпан, ақылсыз Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram