Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Ұлағатты сөздер (78)

"Ұлағатты сөздер" туралы Ұлағатты сөздер

"Ұлағатты сөздер" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Ұлағатты сөздер" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ауызбен қамшы өргенге,
Сырыңды айтпа, үндеме.
Өсек тасып араға,
Жақынды жатша күндеме.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали
WhatsApp Telegram

Жаман қатын белгісі,
Өсек айтып жарысар.
Жазығы жоқ адамның,
Мінін іздеп жабысар.

Жақсы әйел белгісі,
Ерімен тату болғаны.
Өсектен аулақ, тек жүрсе,
Әйелдің осы оңғаны.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали
WhatsApp Telegram

Махаббат - бақша секілді. Суғарсаң, жақсы қарасаң - жемісін беріп өнеді!

Өзіңе берік болмасаң, нәпсіңді қолдап бұлдасаң, кешегі айтқан махаббат- мазданып жатып, сөнеді!

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали
WhatsApp Telegram

Тіл өткір қылыш секілді, абайлап сөлемесең өзіңді кесіп кетуі ғажап емес

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Ағзам Суфи Лұқпан
WhatsApp Telegram

Қара арғымақ арыса — қарға адым жер мұң болар,
Есіл көзден нұр тайса — бір көруге зар болар.

Ілмектер: мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, көз, нұр, зар Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Егер ісің ойдағыдай болсын десең, асықпа

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Ағзам Суфи Лұқпан
WhatsApp Telegram

Ашуланба сонда ісің босқа кетпейді

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Ағзам Суфи Лұқпан
WhatsApp Telegram

Ақылды жігітің бойында үш қасиет болады: біріншісі - момындық, екіншісі - шыншылдық, үшіншісі - зеректік.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Ағзам Суфи Лұқпан
WhatsApp Telegram

Ақылсыз əйел аңқау, жүрген бір санасыз олақ.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Ағзам Суфи Лұқпан
WhatsApp Telegram

Кімде-кім табанды болса, сол мəрт. Кімде-кім айбатты болса, сол айбарлы. Кімде-кім іждағатты болса, сол асқан қырағы.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Ағзам Суфи Лұқпан
WhatsApp Telegram

Тоз болып иілгеннен, шарт етіп сынған артық.

Ілмектер: нақыл сөз, Ұлағатты сөздер Жабайұлы Тоқсан би
WhatsApp Telegram

Өркөкіректік мақтаннан бас тартқанның өзінде ештеңе жоғалтпай, ұпайын түгендеп отырады.

Ілмектер: өркөкірек, мақтаншақтық, нақыл сөздер, ұлағатты сөздер Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Кем талант — мүмкіндігінше, шын талант — қалағанынша жазады.

Ілмектер: талант, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов, нақыл сөз, ой толғау Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Өтірік айтпай өмір сүре алатын адам ғана азат.

Ілмектер: өтірік, өмір, азаи, адам, нақыл, Ұлағатты сөздер Альберт Камю
WhatsApp Telegram