Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (168) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (116)

Ақылды билеймін десең, жүрек секілді қарсы тұр. Жүректі жаулаймын десең, жүрек секілді қорғана біл. Екеу болып күрессең, екеуіне хош боларсың.

Ілмектер: ақыл, жүрек, хош

Бөлме сағаты — біздің жүрегімізді артық мазаланудан сақтайтын темір жүрек.

Ілмектер: сағат, жүрек, темір Жан Бодрийяр

Сəтсіздік — үлкен төре тəрізді соңынан шұбатып төлеңгіт ертіп жүреді. Сəтсіздіктің сіңлісі — ең ізгі жүректің өзін ашу мен қатігездікке жеңдіретін қажеттілік.

Ілмектер: Сəтсіздік, жүрек, ашу, қатігездік Роберт Вальзер

Тек нағыз бейкүнə бала жүрегі ғана жаңа ойларға жүгіне алады, ал жараланған жəне қорланған жүрек ешқашан да ешқандай жаңалық аша алмайды.

Ілмектер: бала, жүрек, ой, жаңалық Роберт Вальзер

Бір нəрсені танып қана қою аздық етеді — бұл ретте бір ғана ақылдың ойыны болып қалмақ — ол жүректен өз орнын табуы керек.

Ілмектер: жүрек, ақыл Жорж Батай

Алтынның не екенін сұрасаң, оңай жауап беремін. «Денсаулық», «Уақыт», «Мүмкіндік», «Қабілет», «Таңдау және шешім қабылдау еркі», «Ақыл мен жүрек» және т.б.

Ілмектер: Алтын, денсаулық, уақыт, мүмкіндік, қабілет, таңдау, шешім, ақыл, жүрек Narsha Bulgakbaev Debut

Әрбір жаңа күн таза ақ парақтан басталады. Миыңызды жағымсыз иісті қоқыстан тазартыңыз. Жүректі жаралайтын сана паразиттерін жойыңыз.

Ілмектер: Ми, жаңа күн, таза, ақ, парақ, жағымсыз, иіс, қоқыс, тазарту, жүрек, тазалау, сана, паразит, жою Narsha Bulgakbaev

Жүрегім менің — жанартау.

Ілмектер: жүрек, жанартау Жарылқасын Аманұлы

Махаббат — бұл жүректің қабылдауына мүмкін болған уақыт пен кеңістік.

Ілмектер: махаббат, жүрек, уақыт, кеңістік Марсель Пруст

Көп адам басқаның көзімен көру, басқаның құлағымен есту, басқаның жүрегімен сезіну дегеннің не екенін де білмейді: оған үйренбеген.

Ілмектер: адам, көз, құлақ, есту, жүрек, сезім Альфред Адлер

Исламның да тазасы бар, ақыл жүрекпен тапқаның, пайда берсе сенімің саған, бақытты қылар салғаның.

Ілмектер: Ислам, таза, ақыл, жүрек, пайда, сенім, бақытты Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Саясатта жүрек болмайды, тек қана бас болады.

Ілмектер: саясат, жүрек, бас Наполеон Бонапарт

Жүрек айныр жеккөрушіліктен басқа ешбір сезімді осыншалықты оңай ойдан туғыза алмайсыз.

Ілмектер: жүрек, жеккөрушілік, сезім, ой Альфред Адлер

Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу — ол үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау — бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік.

Ілмектер: ерлік, жақсы көру, бақыт, күрес, жүрек Ілияс Есенберлин

Күңгірт шамнан көрінбесе төңірек,
Жақ жарығын жүрегіңнің тезірек.

Ілмектер: шам, жүрек Әбділдә Тәжібаев

Менің биім — өзімнің ақ жүрегім.

Ілмектер: би, жүрек, афоризм, нақыл, нақыл сөздер, Ұлағатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Пікірлер