Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (56) Өлеңдер (452) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (152)

"махаббат" туралы Ұлағатты сөздер

"махаббат" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "махаббат" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.

Ілмектер: махаббат, халық Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.

Ілмектер: адам, махаббат, достық Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады

Ілмектер: махаббат, байлық Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз.

Ілмектер: махаббат, өлім Ги де Мопассан
WhatsApp Telegram

Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.

Ілмектер: махаббат, ғылым Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар.

Ілмектер: махаббат, дүние Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.

Ілмектер: Ар, махаббат Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Саған шынымен ең жақын адам - ол, сенің өткен өміріңді білетін, болашағыңа сенетін, қазіргі жағдайың қандай болса дәл солай қабылдайтын адам.

Ілмектер: сенім, махаббат Федор Достоевский
WhatsApp Telegram

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл.

Ілмектер: махаббат, ғашық Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Махаббатта аз-көп деген болмайды

Ілмектер: махаббат Лев Толстой
WhatsApp Telegram