Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Ұлағатты сөздер (1)

​ ​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Оқушыларға​ насихат

1)​ Ұстазыңды сыйлайтыныңды сөзбен емес, іспен көрсет! Ұстаз үшін тыңғылықты орындалған үй тапсырмасынан асқан сыйлық жоқ!

2)​ Мұғалім сабақ айтқанда зор ынтамен тыңда. Жазып ал. Я болмаса аудиожазба жасап ал. Әр сабақты кемі 5 рет тыңда. Әр тыңдағанда сабақтың тек 20%-ы ғана қабылданады.

3) Қатал мұғалімдерден қорықпа. Не үшін ашуланатынын, неге ренжитінін зертте! Соған қарай жақсы амал істе. Мұғаліміңді қуант!

4)​ Мұғалім сабақ түсіндіріп тұрғанда, өзге нәрсемен айналыспа! Досыңа сыбырлап, хат, қағаз лақтырып,​ күліп, біреуге жұдырық көрсетіп, қыздардың шашынан тартып, арқасынан түртіп мазасыз болма! Саған алаңдаған ұстаздың алдымен ойы бөлінеді.​ Сосын айтатын сөзін ұмытады.​ Көңіл күйі түседі, ренжиді.​ Ескерту жасайды. Соңында ауыр сөз айтуға мәжбүр болады. Ал​ сен, ең жақсы оқушы бол!

5)​ Мұғалімге білім мәселесінде сұрақ қоюдан ұялма, түсінбегеніңді дереу айт! Содан кейін де түсінбесең,​ тағы айт! Тақтаға шық. Әйтеуір жаңа сабақты толық үйренбей мектептен қайтпа!

6) Ұстазыңды құрметте, оның алдында өзіңді барынша әдепті ұста! Бейәдеп сөз айтып, қарқылдап күліп, дүкірлеп жүгіріп, сүйкімсіз болма!

7)​ Сөз тасыма, ұстазыңды үйге жамандап келме! Достарыңның кемшіліктері мен қателіктерін мұғалімдерге жеткізе беру жақсы емес. Шамаң келсе өзің жақсы бол! Айналаңды да жақсылыққа шақыр. Ұстазыңа көмекке дайын тұр. Сынып абыройы үшін түрлі жарыстар мен білім сайыстарына жиі қатыс! Көп ізден, көп оқы, көп ойлан!

Гүлмекен Қасенбай
26.09.2021

Ілмектер: Гүлмекен Қасенбай оқушыларға насихат

Пікірлер