Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Ұлағатты сөздер (1)

Кей ойлардан үзінді

​ ​ ​​ ​​ ​ ​ Соңғы кездері адамдар бір-бірлерін себепсіз жақсы көруді тоқтатқан секілді...! Сырт келбетің мен абыройың болмаса, екінші орынға кетесің. Жер бетінде әр 40 секунд сайын қайтыс болып жатқан адамдардың көбі, өздеріне қол салушылар...​ Оларға ешкім жақсы көретінін айтпаған. Қорлаған. Азаптаған. Мазақтаған. Жаман есімдермен атаған. Тым болмағанда сыртынан өсектеген!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Адамдар қазір той мен жиынға өсектен қорқып барады.​ Бірақ өсекке ілініп қайтады. Сонда бізге не жетпейді...?! Неге адамды сол қалпында қабылдай алмаймыз? Біз кімбіз...?

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *

​ ​ ​ Адамға ұнауды ғана көздесең,​ ешқашан ұнамайсың,
​ ​ ​ ​ Аллаға ғана ұнауды көздесең,​ ешқашан қор болмайсың...!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *

​ ​ ​ Сынақ​ - ең жақсы көретін нәрсең арқылы келеді!
​ ​ ​ (Егер әр қырық күн сайын тым болмаса ішің ауырмаса, онда ақыретің үшін қорқа бер):
​ ​ ​ Балажанда​ - бала жоқ,
​ ​ ​ Ұл қаласаң - қыз көп.
​ ​ ​ Бәрі болса - ауырасың.
​ ​ ​ Қиындыққа жолығасың.
​ ​ ​ Жақыныңды жоғалтасың,
​ ​ ​ Кейде ақшаңды тонатасың.
​ ​ ​ Уақытыңды ұрлатасың,
​ ​ ​ Қартаясың, қыр асасың!
​ ​ ​ Сынағы көп өмір​ - құт,
​ ​ ​ Сынақсыздың соңы​ - от.
​ ​ ​ Сынақ түбі​ - мереке,
​ ​ ​ Сабыр​ түбі​ - береке!
​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ *
​ ​ ​ Күллі күнәнің бастауы - нәпсіден!
​ ​ ​ Нәпсісін басқарған адам - хан!
​ ​ ​ Адамдар ғана бір-бірімен сыйыспайды,
​ ​ ​ Ал басқа мақұлықтар туысымен ұрыспайды!
​ ​ ​ Тәкаппар адам ешкімді менсінбей жүріп, өзі елеусіз қалады....!
​ ​ ​ ​ Бауырмал адам барлығын ойлап жүріп, жүректерде мәңгі қалады!
​ ​ ​ Ойға әркім жүйрік,
​ ​ ​ Одан да қыл тірлік!
​ ​ ​ Құр сөз пайда бермейді,
​ ​ ​ Иманың ғана жөндейді.
​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ Адамдардың кейбірі осы дүниеде абыройлы болса, кейбірі Аллаһ пен періштелердің алдында абыройлы! Екінші айтылған абыройлылық,​ мына дүниеде сезілмеуі мүмкін. Тіпті бір қарағанда адамдардың ең қоры секілді көрінеді.​ Керісінше ондай адамның жалған дүниенің алдамшы қызығына алдануға уақыты да, қызығушылығы да болмайды.​ Күні-түні Құран оқып,​ аят жаттап, садақа беріп,​ адамдармен көркем қарым-қатынас жасаушы мұсылман, түбінде жақсылықпен қауышары хақ!
​ ​ ​ ​ ​ Қайтыс болған адамдардың ештеңе айта алмай кететіндігі өте өкініші...! Егер олар соңғы сапарында не көріп тұрғанын айтқанда еді, көпшілікке ғафылдықтан құтылуға үлкен сабақ болар еді.

10.12.2020

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Адамдарға ашуланатын кезде, олардың болашақ мəйіт екендіктері есіме түсіп, дереу сабыр етемін!

​ ​ ​ ​ ​ ​ Соңғы кездері не нəрсе жоғалса да, алғашқы соққының өзіне-ақ сабыр етуді үйрендік! Ал Аллаһ уəдесінде тұрып, бізге дүниемізді көп ұзатпай қайтарып беруде! Расында Ол нендей мейрімді, əрі əділетті!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бұрындары адамдар дəл қазіргідей бай болмады! Бірақ пейілдері өте кең еді...!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қазір адамдар зəулім сарайларда тұрады! Бірақ пейілдері өте тар! Екі-үш сағаттан артық ол сарайда саған орын жоқ! Орын табылған күнде, қызметшінің жанынан табыласың!

​ ​ ​ ​ ​ ​ Дүниедегі ең қиын нəрсе​ - пенделерге шындықты түсіндіру! Түсінсе де, қарсы шығушы топтың жағдайы не болар екен..?!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Соңғы кездері Жаратқанға көп жақындаған сайын, оның да маған жақындығын сезіне бастағандаймын!
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ ​ Адамдар иманға келген сайын, жүректері жұмсарса неткен ғажап! Өкінішке орай Аллаһтың білімінен аз ғана əсерленген​ пенделердің жүректері тасқа айналып бара жатқанын көп байқап, көп ренжіп жүрмін!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Адамдар өз ісінің нағыз маманы болғанда ғана, оны сол мамандықтың иесі деп атау керек шығар! Əйтпесе біздің қоғам тек "үміткерлер" мен "əдіскерлер" алаңына айналып кетті!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бақыт​ - өзіңе керек жандар мен сені керексінетін жандардың жанында қауіпсіз ғұмыр кешу!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Кішіпейілділік​ - не деген қат дүние! Оны іздеп табу соңғы кездері алтын іздегенмен бірдей болды!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Шындықты мойындамау​ - оның жоқ екендігін білдірмейді!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Пенде​ - көп! Адам​ - аз!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ұл мен қыз - тек бақыт сыйламайды! Егер тəрбие бермесең, мына өмірде уайымға, ана өмірде қайғыға душар етеді!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Өмірдің мəні​ - адамның жаратылу мақсатында! Мақсатыңды білу​ - амандықта болу!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жүрегіңді емдейтіндер емес, сөз арқылы тілдейтіндер​ көп! Жан-дүниеңе үңілетіндер емес, оған жиренішпен түкіретіндер көп!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Шалынып қалсаң шаттанатындар мен көтерілсең бас салатындар қандай көп...!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бізге Алланың алдымен кедейлік жібергені қандай ғажап! Алдымен бай болсақ кім дос, кім қас айыра алмаған болар едік!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Тағдырымыз қандай болса да, барлығы үшін Жаратқанға мың алғыс! Бізге не керектігін одан артық кім біледі?! Біз тек жақсылыққа ұмтылудың себебін жасаймыз, Аллаһтан сұраймыз! Арғы жағы тек Оның ғана құзырында!

​ ​ ​ ​ ​ Көбіне​ ойланғанды ұнатамын!​ Жақсы​ ой​ - жақсылыққа бастайды!​ Біреу ренжітсе​ - оңай кешіре салуды үйреніп жүрмін! Шығармашыл адамдардың жан-дүниесі нәзік келетіндіктен,​ кейде сәл нәрседен​ жаның жарақат алып, орынсыз сындар ұзақ мерзімге есеңгіретіп жіберуі мүмкін! Бірақ....​ кешіргенді жақсы көремін....!

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ *​ ​ ​ ​ *

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Менің бір таң қалатын нәрсем​ ​ - біздің жақтың адамдарының өте-мөте кішіпейіл келетіндігі...! (Алматы өңірінің адамдарын айтамын) Көшеде үлкен ата-әжелерге сәлем берсеңіз, сізден де төмен иіліп,​ сенен де ары жақын тартып тұратындығына ризамын!​ "Күнім", "жаным",​ "алтыным", "балапан", "ботам"- деп​ көбіне біз жақтың адамдары айтады екен! Тіпті келіндерімізге дейін "күнім"- деп​ отырады екенбіз! Өзге өңірлерден бұндай жылылықты көп байқай бермейсіз!​ Адамдардың жылы келбетінен басқа,​ ешнәрсе де маңызды емес екен бұл өмірде!

30.05.2018

Ілмектер: Гүлмекен Қасенбай. Кей ойлардан үзінді

Пікірлер