Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (38) Өлеңдер (52) Жоспарлар (17) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (60)

Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Ілмектер: Достық, Өсек Махамбет Өтемісұлы

Шынайы достықсыз өмірдің мәні жоқ.

Ілмектер: Достық Цицерон

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.

Ілмектер: ақымақ, дос, достық, дана, алтын Омар Хайям

Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.

Ілмектер: жұрт, дос, дос болу, Достық Омар Хайям

Достыққа дұшпандық қылған адам оңбас.

Ілмектер: достық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жалаладдин Руми

Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.

Ілмектер: бұлбұл, қарға, Достық, дос, жақсы, жаман Жалаладдин Руми

Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

Ілмектер: дос, достық, өмір Аристотель

Тұрақтылы болмаса, достықтың да, махаббаттың да құны жоқ.

Ілмектер: достық, махаббат Джозеф Аддисон

Достық - асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек.

Ілмектер: достық, сын Джордж Вашингтон

Бизнеске негізделген достық, достыққа негізделген бизнестен артық.

Ілмектер: бизнес, Достық, негіз Джон Дэвисон Рокфеллер

Әскери бөлімнің күші жауынгерлік достық пен жолдастық бірлікте, ынтымақта.

Ілмектер: Әскер, күш, жауынгерлік, достық, жолдастық, бірлік, ынтымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жауынгерлік достықтағы басты нәрсе — өзара түсіністік, адамның адамгершілігін құрметтеп сыйлай білушілік.

Ілмектер: Жауынгерлік, достық, адамгершілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Шынайы махаббат сезімі қаншалықты сирек болса, нағыз достық — одан да сирегірек.

Ілмектер: махаббат, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, достық, сирек Франсуа де Ларошфуко

Достық — бұзылғандар жүрегі үшін жаралмаған.

Ілмектер: достық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа Вольтер

Таң қаласың: кез келген адам қанша қойы бар екенін жатқа біледі, бірақ қанша досы бар екенін айта алмайды. Сонда достық бағасы қанша?

Ілмектер: дос, достық, баға, қой, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ

Достық — тек қана жақсы адамдар арасында бола алады.

Ілмектер: достық, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Шын достар — бір-бірін артық сөзсіз-ақ түсінеді, шынайы дін — мүлдем сөз шығарып əуре болмайды: үндемейді.

Ілмектер: дос, дін, достық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Неге махаббат пен достық күннің көзіндей мəңгілік емес?!

Ілмектер: махаббат, достық, күн, мәңгілік Роберт Вальзер

Күнәһармен араңда болса достық,
Жүрегіңде күнәға болар доступ.

Ілмектер: күнәкар, Достық