Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (973)

Алған жарың жақсы болса - ат үстінен дүбір ет,
Алған жарың жаман болса - шиге кіріп сыбыр ет.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Би-шешендер

Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сыңды дәрменсіздік.

Ілмектер: заман, мұрат, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Қолдағыға қанағат - шүкір қылмасаң,
Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда.

Ілмектер: қанағат, нақыл, афоризм Сүйінбай Аронұлы

Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді.

Ілмектер: су, нақыл, афоризм Құтып

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.

Ілмектер: ғылым, мақтаншақтық, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы

Жалғанда жұмақ – жазғы жел.

Ілмектер: жаз, жел, нақыл, афоризм Бернияз Күлеев

Өнер туындысы - өмірді түсінудің кілті.

Ілмектер: өнер, өмір, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар.

Ілмектер: көңіл, қайғы, ғылым, зар, нақыл, афоризм Сырым Датұлы

Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк.

Ілмектер: заман, Алаш, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Тон бітпеске тон бітсе - қағуменен тоздырар.
Жаман әйелге қоң бітсе - ер жігітті аздырар.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Би-шешендер

Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің.

Ілмектер: жер, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Әлем математика тілімен бейнеленген.

Ілмектер: математика, нақыл, афоризм Галилео Галилей

Математика - ақиқат дүниесінің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым.

Ілмектер: математика, нақыл, афоризм, ғылым Фридрих Энгельс

Түсінбей аудару, түсінбейтін етіп аудару деген болады.

Ілмектер: аудару, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Шындықтың наданның табанының астында шырылдап жатқанын көргенде, немкетті сезімнің де дәті шыдамайды екен.

Ілмектер: шындық, надан, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Мемлекеті қорғамаған адам – ең бақытсыз адам.

Ілмектер: мемлекет, адам, бақыт, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков

Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды.

Ілмектер: өтірік, кешірім, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Ұлт өзінің мемлекетінсіз - ұлт болып өмір сүре алмақ емес.

Ілмектер: ұлт, мемлекет, нақыл, афоризм Нұрсұлтан Назарбаев

Табалдырықтан биік тау жоқ,
Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.

Ілмектер: жаман, жау, нақыл, афоризм Сырым Датұлы

Алла жақын кеудеде оты барға.

Ілмектер: Алла, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...