Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (62)

Тіршілік қашанда бір түрлі тіл арқылы бізге мәлім ақиқатты ұсынады. Егер біз оны басқаша қабылдасақ, онда біздің өмір сүруіміз қауіпке ұшырайды.

Ілмектер: тіршілк, ақиқат, тіл, өмір, қауіп Артур Шопенгауэр

Ең күйiнiштi ақиқат, ең ұнамды адасудан әлдеқайда артық.

Ілмектер: ақиқат, адасу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виссарион Белинский

Ақиқат шырағы оны алып жүрушiнiң қолын жиi күйдiредi.

Ілмектер: Ақиқат, шырақ, қол, күйдіру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пьер Буаст

Шындық — көп, ақиқат — жалқы.

Ілмектер: шындық, ақиқат, жалқы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Батылдыққа рұхсат берiлген бүгiнде, ол қауiпсiз әрi тиiмдi болған кезде, табиғатынан күрескер адамдар төбелесқорлардың тобырында өздерiн ыңғайсыз сезiнедi. Шындық әрқашан тек ақиқаттың бiр бөлiгi ғана. Әркiм шындықты өзiнше кескiлеген қазiргi кезде ақиқатты iздеу ерекше маңызды. Тұтас, бүлiнбеген ақиқат қана таным өзегi бола алады.

Ілмектер: батылдық, шындық, ақиқат, таным, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Олжас Сүлейменов

Адасуға мыңдаған, ақиқатқа — бiр ғана жол апарар.

Ілмектер: адасу, ақиқат, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жан-Жак Руссо

Ақиқат — тәжiрибе сынынан өте алатын нәрсе.

Ілмектер: Ақиқат, тәжiрибе, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Мәңгiлiк ақиқаттар өздерiнiң мәңгiлiк екендiгiне қарамастан үнемi еске түсiрiп отыруды қажет етедi.

Ілмектер: мәңгілік, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махатма Ганди

Ақиқат қашанда ащы, оны айта білу одан да ауыр. Соны біле тұра, көлгірсіп, өтірік мақтау айтуға әуестік ше? Шын сөз сұлу емес, ал сұлу сөз ақиқат емес.

Ілмектер: ақиқат, ащы, ауыр, өтірік, мақтау, сөз, шылу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

Азап көргенше ақиқаттың досы бол, бiрақ төзуге болмайтын жағдайға дейiн оның қорғаушысы болма.

Ілмектер: азап, ақиқат, дос, төзім, қорғаушы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Әдетте қайшы пiкiрлердiң арасында ақиқат жатады деп есептеледi. Мүлде олай емес! Олардың арасында проблема жатады.

Ілмектер: пікір, ақиқат, проблема, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Адам өзiн әшкерелемес үшiн, ақиқатпен күресе бастағаннан өткен бақытсыздық жоқ.

Ілмектер: ақиқат, күрес, бақытсыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль

Ескіден келе жатқан қате, қазіргі ақиқатқа да қауіпті.

Ілмектер: қате, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Нәрсе көпшiлiктiң оны мойындамағанынан ақиқат болмай қалмайды.

Ілмектер: ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенедикт Спиноза

Біз сенуіміз керектің ең жақсысы – ол ақиқат!

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сенім, ақиқат Нарша Булгакбаев

Өмір (дүние) атты ойында "Өмір (Жаратушы) заңдылықтарын" білмеу ақымақтық пен надандықтан. Ақиқат нағыз бостандық береді, еркіндік сыйлайды, сондықтан Жаратушының жаратқан барлық табиғат (дүниелік) ж/е ғайып (ақырет) заңдылықтарына бағыну керекпіз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, дүние, ойын, жаратушы, заңдылық, білім, ақымақ, надан, ақиқат, бостандық, еркіндік, табиғат, құран, ақырет Нарша Булгакбаев

Жалпы ойланудың өзі екіге бөлінеді: "дұрыс" (Ақиқатқа сүйенген) және "бұрыс" (өз шындығына сүйенген).

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ойлау, ойлану, ақиқат, шындық, дұрыс, бұрыс Нарша Булгакбаев

Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес. Ақиқат дегеніміз Құдай сөзі, ғылыми дәлелдер мен имани (рухани-адамгершілік) түсінік, барлық жаратылыстың сыртқы емес ішкі формасы, терең мәні.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақиқат, шындық туралы, құдай, ғылым, иман, Рух, адамгершілік, түсінік, жаратылыс, өмірдің мәні Нарша Булгакбаев

Өмір заңдылықтарын білмей жəне өз-өзіңіңізді түсінбей, сіз өз өміріңізді ақиқат қалауы бойынша жасай алмайсыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, Заң, түсінік, ақиқат Нарша Булгакбаев

Позитивті ойлаған жақсы, бірақ олардың көбісі жалғандыққа негізделгендіктен, ол адамды толық кемелдікке, шынайы бақытқа жеткізбейді. Сондықтан позитивті ойлау тек ақиқатпен бірге, ақиқатқа сай болуы керек.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, жалған дүние, кемелдену, бақыт, ақиқат Нарша Булгакбаев

×