Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (51) Өлеңдер (133) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (162) Ұлағатты сөздер (146) Әзіл, анекдоттар (1)

Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын.

Ілмектер: дос, жауласу Жүсіп Баласағұни

Достық туралы көп сөзден дос пейілді бір іс артық.

Ілмектер: достық, сөз, іс, дос, пейіл Тоқсары

Кітап жансыз, бірақ шынайы дос.

Ілмектер: кітап, дос Виктор Гюго

Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес.

Ілмектер: кедейлік, жігіт, намыс, дос Шал Құлекеұлы

Жақсы достың жасар жақсылығы да көп болар.

Ілмектер: дос, жақсылық Иүгінеки Ахмед

Ажырамас достан да артық нәрселер бар.

Ілмектер: дос Габриэль Гарсиа Маркес

Мың досты көп демегейсің,
Бір дұшпанды аз демегейсің.

Ілмектер: дос, дұшпан, аз, көп Иүгінеки Ахмед

Жақсы жолдас - бауырың.

Ілмектер: жолдас, дос, бауыр Иүгінеки Ахмед

Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.

Ілмектер: достық, дос, қиындық Тоқсары

Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.

Ілмектер: достық, дос, жаман Тоқсары

Досыңның арына тигені - өзіңнің арыңа тигені.

Ілмектер: дос, ар Тоқсары

Кітап біздің ең соңғы досымыз, олар бізді алдамайды, сондай-ақ үнемі жаныңнан табылады.

Ілмектер: кітап, дос Эмиль Фагэ

Дос керек кезде дос болыңыз, ал бір нәрседен үміттенсеңіз, өзгелерге де үміт сыйлаңыз.

Ілмектер: дос, үміт Ник Вуйчич

Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.

Ілмектер: надан, надандық, ақымақтық, дос, қанжар Саиф Сараи

Қуанышыңызды достарыңызбен де, дұшпандарыңызбен де бөлісіңіз. Өйткені достарыңыз бірге қуанады, ал дұшпандарыңыз қайғырады.

Ілмектер: қуаныш, бөлісу, дос, дұшпан Михаил Литвак

Дос - зынданда жатқанда керек,
Дастархан үстінде - дұшпан да дос.

Ілмектер: дос, дұшпан, дастархан Саиф Сараи

Достарыңызбен қарым-қатынаста болған - күшті, ал дұшпандарыңызбен араласу – пайдалы.

Ілмектер: дос, қарым-қатынас, дұшпан, пайдалы Михаил Литвак

Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей.

Ілмектер: дос, достық, адалдық Тоқсары

Дос көп болмайды.

Ілмектер: дос Тоқсары

Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос,
Жайшылықта доспын деген - жай сөз.

Ілмектер: дос, сөз Саиф Сараи