Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (19) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (30)

Керең еститін, зағип көретін тіл — мейірім.

Ілмектер: мейірім, керең, зағип, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тіл Марк Твен

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.

Ілмектер: Мейірім, ынсап, әділет, адал, еңбек, жүрек, татулық, дос өмір, қасиет Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жаратушының заңдылықтары адамға әдейі еш зияндық тигізе алмайды, бірақ оның əрекет ету принципін түсінбесеңіз – сіз қанша мейірімді, жақсы жəне адал адам болсаңыз да қиындық пен қателіктерге тап болуыңыз мүмкін.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жаратушы, Заң, адам, зиян, әрекет ету, түсінік, мейірім, жақсы, адал, қиындық, қателік Нарша Булгакбаев

Мейірім болмаса сүйе де алмайсың.

Ілмектер: Мейірім, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қиялдай алмайтын адам өзгелерге құрмет көрсете де, мейірімді бола да алмайды.

Ілмектер: қиял, адам, құрмет, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Балаға кішкене мейірім көрсетсеңіз, ол сізге еселеп қайтарады.

Ілмектер: бала, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Мейірімді жүрек әлемнің барлық ақыл-ойларынан гөрі әдемі.

Ілмектер: Мейірім, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Э. Бульвер-Литтон

Судың тазалығын үйретейік, желдің еркелігін үйретейік, ағаштардың жайқалуын үйретейік, күннің жылылығын үйретейік, Ата-ананың достығын үйретейік... Балаларымызды әуелі ата-ананың мейіріміне, махаббатына бөлейік!

Ілмектер: су, тазалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ата-ана, бала, тәрбие, ағаш, күн, мейірім, махаббат Ғабит Мүсірепов

Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса да, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді, бұл неліктен? Бұл адам баласынын, қиянатының көптігі — мейірімінің аздығынан.

Ілмектер: дүние, қайғы, жауын, қуаныш, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адам жанының ең басты байлығы — мейірім мен қайырым. Одан өткен байлық жоқ. Ол жоқ жерде, тіпті, білім-іліміңіздің де құны көк тиын.

Ілмектер: мейірім, қайырым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, байлық, білім, ілім, құн, тиын Темірхан Медетбек