Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (84) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (230)

Жақсы істер туралы ойлап əуре болма, одан да жақсылық жасай бер.

Ілмектер: жақсы іс, ой, жақсылық Роберт Вальзер

Əлі өсе аламын деп ойлау ізгі сезімге бөлейтіндіктен, өзіңді жас сезіну — қашан да жайлы.

Ілмектер: сезім, ой Роберт Вальзер

Тек нағыз бейкүнə бала жүрегі ғана жаңа ойларға жүгіне алады, ал жараланған жəне қорланған жүрек ешқашан да ешқандай жаңалық аша алмайды.

Ілмектер: бала, жүрек, ой, жаңалық Роберт Вальзер

Жаңа нәрсені ойлап табу үшін үлкен батылдық, шығармашылық және қажырлы еңбек қажет, сондықтан көптеген адамдар одан аулақ жүреді. Себебі оларға көптеген адамдардың ізімен басылған жолмен жүру оңайырақ. Бірақ ойсыздар үшін ол да қиындық тудырады!

Ілмектер: Жаңа, жаңалық, ой, өнертапқыш, шығарма, батылдық, қажырлы еңбек, адам, адамдар, із, жол, ойсыз Али Айбекұлы

Түн туралы ойлаған кезде мен ештеңені көрмеймін де, ештеңеге құмарланбаймын да.

Ілмектер: түн, құмарлық, ой Жорж Батай

Шектен шықпау — ақыл-ой қабілетін дамытуға қолайлы жағдай туғыза қоймайды.

Ілмектер: шек, ақыл, ой Жорж Батай

Көп білу, көркем мінезге апармайды. Егер амал етпесе.
Көп сөйлеу қадіріңді кетіреді.
Ойдың Нәрі кеппесе.

Ілмектер: білім, амал, ой

Адам деген — бос ой құшағында тербелу емес, адам деген — шайқас, мұң, ақылсыздық!

Ілмектер: шайқас, мұң, ақылсыздық, адам, ой Жорж Батай

Міне, сөйтіп, күткеніміз болды: ой туды!

Ілмектер: ой Пьер Тейяр де Шарден

Біз өзімізді мүлдем аз білеміз жəне ойлағанымыздан əлдеқайда аз басқара аламыз.

Ілмектер: ой Пьер Тейяр де Шарден

Жаратушының заңдарын зерттеп, меңгерген соң өмір бақытқа толы болады. Бірақ ешкім өтірік уәде бере алмайды: Мен ғана сені бақытты ете аламын деп, өйткені адамды бақытты ету мүмкін емес, адам өзі бақытты болуды үйренуі қажет, Алланың жаратқан өмір заңдылығы бойынша дұрыс ойлауды үйренуі керек.

Ілмектер: Жаратушы, заң, өмір, бақыт, уәде, Алла, ой Нарша Булгакбаев

Жер бетіне тұңғыш ой сəулесін түсірген сəттен бастап, өмір өзін де сынай алатын жəне өзі туралы да ойлай алатын ғаламат күшті дүниеге əкелді.

Ілмектер: ой, күш Пьер Тейяр де Шарден

«Ойлау үшін — тамақ ішу керек» — ешқайда қашып құтыла алмайсың! Бірақ есесіне сол бір тілім нан қанша сан түрлі ойды дүниеге əкеле алады десеңізші.

Ілмектер: тамақ, ой Пьер Тейяр де Шарден

Дүниеде ойлануға мəжбүр ететін бірдеңе бар.

Ілмектер: дүние, ой Жиль Делез

Расизм — дін де сенім де емес, бұл ақыл-ойдың мүгедектігі.

Ілмектер: Расизм, дін, сенім, ақыл, ой Дэвид Айк

Сананың БЕЙСАНАЛЫҚ бөлігі бар, біз оны тікелей басқара алмаймыз, бірақ өзгеріс енгізе аламыз және сананың САНАЛЫҚ бөлігі бар, ол ақыл-ойды басқарады. Бейсаналықты түзетсең, саналық та түзеледі (сананы ерікті түрде басқара алатын бөлігіміз), оны қалай түзетуге болады, АҚЫЛ-ОЙ арқылы, ДҰРЫС сөзбен, оймен (аффирмациялармен), бейнелермен (визуализациялармен), эмоциялармен, әдеттермен.

Ілмектер: Сана, Бейсана, басқару, өзгеріс, ақыл, ой, сөз, аффирмация, визуализация, бейне, эмоция, әдет Narsha Bulgakbaev

Өмір — ойға жан береді, ал өмірді оятатын — ой.

Ілмектер: өмір, жан, ой Жиль Делез

Жасау — яғни ойды жеңілдету, оның жүгін азайту, өмір сүрудің жаңа мүмкіндіктерін ойлап табу.

Ілмектер: ой, өмір, мүмкіндік Жиль Делез

Қандай да бір затты талап гүлдендіре түседі, ал сол зат қолда бар болса, ол туралы ой күңгірттене бастайды.

Ілмектер: талап, ой Марсель Пруст

Жақсы адам болу өнері - нені ойламау керектігін білу.

Ілмектер: жақсы, адам, өнер, ой Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев