Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Сөз жоқ, ара да, адам да — бір-біріне тəуелсіз екі тəннің иелері, бірақ олар тəуелсіз тіршілік иелеріне жата қояр ма екен, тегі?

Ілмектер: сөз, ара, адам Жорж Батай

Сананың БЕЙСАНАЛЫҚ бөлігі бар, біз оны тікелей басқара алмаймыз, бірақ өзгеріс енгізе аламыз және сананың САНАЛЫҚ бөлігі бар, ол ақыл-ойды басқарады. Бейсаналықты түзетсең, саналық та түзеледі (сананы ерікті түрде басқара алатын бөлігіміз), оны қалай түзетуге болады, АҚЫЛ-ОЙ арқылы, ДҰРЫС сөзбен, оймен (аффирмациялармен), бейнелермен (визуализациялармен), эмоциялармен, әдеттермен.

Ілмектер: Сана, Бейсана, басқару, өзгеріс, ақыл, ой, сөз, аффирмация, визуализация, бейне, эмоция, әдет Narsha Bulgakbaev

Сөзге, зат пен идеяға қанағаттанатындарға жауап беру қиын. Өйткені затта немесе ақылда мағына бар-жоғын айту да мүмкін емес.

Ілмектер: сөз, зат, идея, ақыл, мағына Жиль Делез

Мағына мен сөйлей бастағанда-ақ алдын-ала ойға оралып, сыртқа шыға бастайды. Бұлай болмаса, яғни мағына алдын ала жинақталмаса, мен сөз бастай да алмас едім ғой.

Ілмектер: мағына, ой, сөз Жиль Делез

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.

Ілмектер: ақыл, сөз, олжа, жол, ашу, су, дария, ағын су, Әйтеке би, әйтеке бидің шешендігі, туысқан, Әйтеке, би Әйтеке би

Мысалы мен өзіме төмен баға берейін десем құнсызданып кетем, өзімнің де басқаның да алдында. Жоғары баға берейін десем тым құнды болып кетем, бірақ мен шын мәнінде өмірде тым құнды емеспін, себебі менің самапал жерлерім көп. Ең дұрысы адекватты баға, сөзім ісіме сай, өзімді басқалардан төмен не жоғары санамаймын, мен бәрімізді бірдей бағада көремін.

Ілмектер: Баға, құнсыздану, төмен, жоғары, құнды, самапал, адекватты, сөз, іс Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Кісі - өлер, сөз - қалар.

Ілмектер: кісі, сөз, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни