Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (144) Өлеңдер (78) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (217)

Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!..

Ілмектер: ана тіл, тіл, ұят, құрмет Қадыр Мырза Әли

Пайғамбарымыз Мұхаммедті, исламды жұрты ұрып-соқты, тілімен балағаттады. Ол бәріне де шыдады, жеңді. Шыдам мен сабыр — ең күшті қару.

Ілмектер: Шыдам, сабыр, қару, Пайғамбар, Мұхаммед, тіл, ислам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі

Ілмектер: Газет, халық, көз, құлақ, тіл, наықл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Ақылды жүрекпен сезіп, аз сөйлеп оймен жеткізер.
Ақылсыз мұрынмен сезіп, көп сөйлеп тілмен жеткізер.

Ілмектер: нақыл сөз, даналық, ақыл, ақылды, ақылсыз, ой, ойлау, ойшыл, адам, жүрек, мұрын, тіл, сөйлеу, сезім Али Динабеков

Адамның тілі өзгерсе басқа тілде шүлдірлейді, ділі өшсе ұлтын жоғалтады, діні өлсе адамдықтан бірақ кетеді.

Ілмектер: тіл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, діл, дін Нұрхалық Абдырақын

Балаларым менің! Сөзбен, тілмен емес, ісімізбен және барынша иманымызбен басқаларға махаббатымызды ашайық.

Ілмектер: иман, махаббат, сөз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Тіл – ұлттың жан дүниесі. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.

Ілмектер: тіл, тіл туралы қанатты сөздер Лев Толстой

Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Ілмектер: тіл Лев Толстой

Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар – тілге кісен салуға болмас.

Ілмектер: аяқ, қол, тіл, кісен Бәйдібек Қарашаұлы

Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады.

Ілмектер: мектеп, тіл, сөз, ана тіл Халел Досмұхамедұлы

Әдебиет тілінің қаруы — баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген – адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілі көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды.

Ілмектер: әдебиет, мектеп, баспа, тіл, ел Халел Досмұхамедұлы

Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.

Ілмектер: мектеп, бала, ана тілі, тіл Мұхтар Әуезов

Өз ана тілін менсінбейтіндер — өз ұлтын үш рет өлтіргендер.

Ілмектер: тіл, ана тілі, ұлт, Қоғам Георг Гегель

Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

Ілмектер: білім, тіл Георг Гегель

Қазақ тілін қарабайыр санайтын надандық бұлтын сейілту үшін мынаны еске алу артық болмас: егер бір ғана «Абай жолында» Әуезов 16983 сөз қолданса, ал Шекспир мен Байронның барша лексиконы 15 мың сөзді құрайды. Демек, қазақ әдебиетінің дәмін көрмей жатып, әлемдік әдебиетке қол созудың өзі – ақымақтық.

Ілмектер: Қазақ, тіл, Мұхтар Әуезов, Шекспир, Абай жолы Герольд Бельгер

Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз.

Ілмектер: ақыл, іс, тіл Ыбырай Алтынсарин

Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.

Ілмектер: Қазақ, Тіл, кітап Ыбырай Алтынсарин

Тіл салақ сөйлеуден бұзылады...

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Әдебиетті жасайтын ой мен тіл.

Ілмектер: ой, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Мен-менсіген ісік кеуде шаттауық қысса жіптіктей болады. Дарбаза ауыз, орақ тіл — ауыз күйсе тыншығады.

Ілмектер: кеуде, ауыз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин