Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (105) Өлеңдер (185) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (44) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (7)

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды.

Ілмектер: әке, тәрбие, мектеп Ян Амос Коменский

Әкем маған жұмысты сүюді емес, жұмыс істеуді үйретті.

Ілмектер: әке, жұмыс, сүю Авраам Линкольн

Әр адам әкесiнен бұрын өз уақытының ұрпағы.

Ілмектер: әке, адам, ұрпақ, уақыт Адам Смит

Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де ,шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.

Ілмектер: мұғалім, ұстаз, әке, шеше, кітап, шәкірт Лев Толстой

Өкшелес буын, ойыныңа, ойыңа қараймын...Өзім ұшып кете алмаған биікті сендерге тілеймін. Өзің аспанда, ойың төменде жүргенше өзің төменде, ойың аспанда жүрсін, жаным! Әке ызғары оларға қазір керек-ақ...

Ілмектер: әке, буын, ұрпақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Еліңде жоқ шеттегі жеріңді аңсау — Фәниде жоқ әкеңді сағынғандай...

Ілмектер: ел, әке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, аңсау Ұларбек Нұрғалымұлы

Әке көңілін өзің әке болғанда білесің.

Ілмектер: әке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көңіл Ғабиден Мұстафин

Әкесінің Отанына деген махаббаты, баласының да еншісі.

Ілмектер: әке, отан, махаббат, бала, енші, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Азбанның күші шабынуға кетер,
Арғымақ күші шабылуға кетер.
Әкесіне бас иген — ұл атанар,
Атасына бас иген — кісі атанар,
Бабасына бас иген — көсем атанар.

Ілмектер: күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әке, ата, көсем, бас Сайын Назарбекұлы

Сиыр қашты, бұзаулады, бұқа кетті бетімен. Кейбір әке дегендер тең-ау осы бұқамен.

Ілмектер: сиыр, әке, бұқа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин