Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (56) Өлеңдер (272) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (233) Ұлағатты сөздер (314) Әзіл, анекдоттар (1)

Егер мұғалім өте беделді болса, онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері кейбір адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды. Міне, сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы, өзінің мінезі-құлқы мен іс-әрекеттері, дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай, ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды.

Ілмектер: мұғалім, мінез, өмір, іс, әрекет, маңыздылық Михаил Иванович Калинин

Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді.

Ілмектер: жас, қарттық, өмір Жүсіп Баласағұни

Ең басты ғажабымыз - өмір сүріп жатқанымыз.

Ілмектер: өмір Сергей Капица

Өмірдің гүлі — жігіттік шақ.

Ілмектер: өмір, жігіт Жүсіп Баласағұни

Бұл өмірді беріпті ғой азапқа — қызық қуып, бос өткізіп азайтпа!

Ілмектер: өмір, қызық, уақыт Жүсіп Баласағұни

Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.

Ілмектер: өмір, қоғам Бауыржан Момышұлы

Тірі адам — табылар.

Ілмектер: адам, тірі, өмір Жүсіп Баласағұни

Тумақ — сүннет, өлмек — парыз.

Ілмектер: өмір, адам, өлім Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.

Ілмектер: адам, әділдік, өмір Әбіш Кекілбаев

Халықтың бір бөлігін өмір бойы алдауға болар, тіпті, барша халықты та біршама уақыт алдауға болады, алайда, бар халықты өмір бойы алдауға болмайды.

Ілмектер: халық, өмір, алдау Авраам Линкольн

Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бірақ рет беріледі деген өзіміз білетін қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Сондықтан өз басым өткенге өкпе жүрмейді деп ойлаймын. Өткенге тек тәубе жүреді деп ойлаймын.

Ілмектер: уақыт, өмір, өкпе, тәубе Әбіш Кекілбаев

Өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді

Ілмектер: өмір, мазмұн, ұзақ Сенека

Сақтауға қажет бір асыл болса – алдымен жүрегіңді сақта, өйткені өмір бастауы – сол жүрек.

Ілмектер: жүрек, Өмір, денсаулық Уильям Гарвей

Өмір – өнер болғанда, өнер – өлшем. Өнер – өлшем болғанда, өлшем – үнем. Ал үнем – тірліктің күре тіні.

Ілмектер: өмір, өнер Асқар Сүлейменов

Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін.

Ілмектер: арман, өмір, бақыт Дмитрий Иванович Писарев

Өмір сүру мен үшін еңбек ету деген сөз.

Ілмектер: өмір, еңбек Иван Айвазовский

Ғылым өмірге қызмет етеді.

Ілмектер: ғылым, өмір Нильс Хенрик Давид Бор

Өмірдің бірінші қажеті еңбек болатындай етіп құра біл. Еңбексіз адал, жарқын өмір жоқ.

Ілмектер: өмір, еңбек Антон Чехов

Жақсы өмір сүру дегеніміз — жақсы жұмыс істеу.

Ілмектер: жұмыс, өмір Николай Лобачевский

Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.

Ілмектер: еңбек, адам, өмір, мақсат, бақыт, мұрат Антон Чехов

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...