ӨМІР - ТЕҢІЗ
Өмір - теңіз, өтіп ағып барады,
Біз кеткен соң, тек ақ құмы қалады.
Біреуге теңіз, ал біреуге көл ғана,
Әрбір пенде лайықтысын алады.
Өмір - теңіз, өтіп ағып барады,
Біз кеткен соң, тек ақ құмы қалады.
Біреуге теңіз, ал біреуге көл ғана,
Әрбір пенде лайықтысын алады.
Періште-көкте, қалғанымыз - пенде,
Білемін мінсіз емеспін мен де
Басында күліп,
Шаттанып жүріп,
Бақыттан басым бір айналды,
Не себеп? Неліктен? Белгісіз.
Көңілім гүлдей боп жайнады,
Бір шаттық кернейді сенгісіз.
Оян, жастар, оянатын кез келді,
Бұрынғыдай замана жоқ,өзгерді.
Әуел баста ақша болса, құндылық,
Қазіргі таң білім күші тең келді.
Қарағым- ау жүрсің неге сеңделіп,
Одан да сен келмеймісің емделіп.
Ішімдікке салынғаннан не пайда?
Тазарсаңшы, өміріңе дем беріп.
Өкпеледің өмірге, адамдарға,
Қателестің, шалт бастың қадамдарда.
Күлімдеген бір досың сен туралы
Өсек айтса, шын дос боп, санала ма?
Бірі үшін мына өмір мәнсіздік.
Бірі дайын ренжітуге әлсізді.
Бір кездері тірі болып жүргенмен,
Кей кездерде тек тәні бар жансызбыз.
Бір адам бар жақсылықты қалайтын,
Бір адам бар пенделерді алдайтын.
Бір адамның шырайында күлкі жоқ,
Бір адам бар жүректерді баурайтын.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі