Өлең, жыр, ақындар

baglanergali

  • Ұпайы: 45
  • Тіркелген уақыты: 05.10.2018 15:10
  • Соңғы кірген уақыты: 05.10.2018 15:23
  • Аты-жөні:
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Өлеңдер Ұлағатты сөздер

Жарқанаттың да - күні бар,
Азық аулап, күн көрер,
Жұлдызды, айлы түні бар!

Бағлан Ерғали

(Әркімнің өз несібесі өзінде)

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Жақсы әйел ыдысты,
Жуып тастап дем алар.
Жаман әйел қонақты,
Қуып тастап дем алар.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Жақсы жігіт белгісі,
Арғымақ мініп - жау қуар.
Жаман жігіт белгісі,
Өсек айтып, ел тергеп,
Көкбеттеніп - дау қуар.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Жақсыдан қалған әрбір сөз,
Хош иісті - гүлмен тең
Жаманнан қалған әрбір сөз,
Қадірсіз жатқан - күлмен тең.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Ананы ұмыт қалдырған,
Баладан гөрі ит артық.
Баланы жетім қалдырған,
Анадан гөрі бит артық.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Көңілі соқыр наданнан,
Көзі соқыр есті артық.
Жаманнан қалған, жаңадан,
Жақсыдан қалған ескі артық.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Намысты қуып - ұл өссе,
Жетіліп, пісіп өнгені.
Арсыздық қуып - қыз өссе,
Тірі жүріп , өлгені.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Әдепті өскен қыз бала,
Қырдағы қызыл, гүлмен тең.
Жарық шашқан адамға,
Төбедегі күнмен тең.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Байлық берсе басыңа,
Жамандар жүрер шырылдап.
Достың кейпін танытып,
Жауыңа шабар ырылдап.

Кетсе байлық басыңнан,
Бірге кетер олар да.
Керегің сенің бес тиын,
Байлығың керек оларға.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Қаңқу сөзге шебер көп,
Сөз қадірін білмеген.
Өсекші ерлер көбейді,
Бірін-бірі тергеген.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Ақыл айтсаң жақсыға,
Тыңдайды құлақ түреді,
Ақыл айтсаң жаманға,
Өзіңе шауып үреді.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Ауызбен қамшы өргенге,
Сырыңды айтпа, үндеме.
Өсек тасып араға,
Жақынды жатша күндеме.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Жаман қатын белгісі,
Өсек айтып жарысар.
Жазығы жоқ адамның,
Мінін іздеп жабысар.

Жақсы әйел белгісі,
Ерімен тату болғаны.
Өсектен аулақ, тек жүрсе,
Әйелдің осы оңғаны.

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Махаббат - бақша секілді. Суғарсаң, жақсы қарасаң - жемісін беріп өнеді!

Өзіңе берік болмасаң, нәпсіңді қолдап бұлдасаң, кешегі айтқан махаббат- мазданып жатып, сөнеді!

Ілмектер: Ұлағатты сөздер Бағлан Ерғали

Есті өскен жас бала,
Таңғы самал, желмен тең.
Ессіз өткен қария,
Сарғайған, сусыз жермен тең.

Ілмектер: Нақыл Бағлан Ерғали

Өз тілін білмеген қазақ, қазақ емес.
Не бар емес, не жоқ емес, әйтеуір жүрген бір елес.

Ілмектер: Тіл Бағлан Ерғали

Мінезіңді түзет,
Арыңды күзет.
Ақылды бол,
Арлы бол,
Мінеки саған айқын жол.

Ілмектер: Нақыл Бағлан Ерғали

Ана деген - ең әдемі аруың,
Әке деген - қорғайтын сені қаруың.

Ілмектер: нақыл сөз Бағлан Ерғали

Нағыз жігіт - жауды көрсе гүрілдейді,
Қорқақ байғұс - көлеңке көріп дірілдейді.

Ілмектер: Ерлік Бағлан Ерғали

Ұлт десе, кеттің неге тұра қашып?
Дін десе, білімдіден кеттің асып.
Шариғатты сұраса, бір молда кеп,
Дымың құрып, тіл байланып, қалдың сасып.
Қазақ болсаң, құранды біл, тәпсір оқы.
Ұлтшылдықты ұмытпай, оқып тоқы,
Қазақ елі, дінінен бөлінбеген.
Надандардың қатарынан көрінбеген,
Ділін де, тілін де, бірдей ұстап,
Ұлтшылдықпен жаны ашып, тілім деген.

Ілмектер: Ұлтшылдық Бағлан Ерғали