Мәзір
Сайт туралы
Ереже
Жарнама
Сайт картасы
Кері байланыс
FAQ-нұсқаулық
Кіру
Тіркелу
ӨЛЕҢДЕР БӨЛІМІ
Оқы, бөліс
Бөлімдер
Негізгі бет
Әдебиет
Ертегілер
Өлеңдер
Әңгімелер
Ақын-жазушылар
Мақал-мәтелдер
Ұлағатты сөздер
Жұмбақтар
Анекдот, әзілдер
Жаңылтпаштар
Білгенге маржан
Математика
Биология
Ақпараттық технология
Спорт
Мотивация
Салт-дәстүр
Денсаулық
Тарих
Қызықты деректер
География
Қазақша есімдер
Физика
Химия
Тілектер, құттықтаулар
Дастарқан
Медиа
Видео
Суреттер сөйлейді
Оқушыларға
Пайдалы ақпараттар
Ғылыми жұмыстар
Рефераттар
Шығармалар
Тақпақтар
Оқушылардың өзге жұмыстары
Онлайн тест
Ұстаздарға
Тәрбиешілерге
Ашық сабақтар
Коучинг сабақтар
Пайдалы ақпараттар
Баяндамалар
Сценарилер
Сертификат алу
Презентациялар
Әдістемелік көмек
Жаңалықтар
Іздеу
Ана
Махаббат
Өмір
Достық
Білім
Бала
Абай Құнанбаев
Туған күнге тілек
×
Материал қосу
Өлең қосу
Мақала қосу
Нақыл сөз қосу
Ашық сабақ қосу
Негізгі бет
Шалғы саптап, Шөп шап. Шөп шапсаң, көп шап. Көп шапсаң, шапшаң...
Шалғы саптап, Шөп шап. Шөп шапсаң, көп шап. Көп шапсаң, шапшаң...
Шалғы саптап, Шөп шап. Шөп шапсаң, көп шап. Көп шапсаң, шапшаң шап, Шапшаң шапсаң, Шаршап жат.
Бөлісу
WhatsApp
Telegram
Сілтемені көшіру
Ұқсас жаңылтпаштар
Хакім хат ашып отыр. Хат ашып, шатасып отыр.
Қайрат қайрақ қайрап отыр, Дайрақпен балта қайрап отыр.
Бала бұл ең тентек, Күшіміз теп-тең деп, Күреспе тектен-тек, Құлайсың көптен-көп, Аяғың көктен кеп.
Құлақтандырмағандықтарыңыздан Бара алмай қалдық бәріміз де аңға.
Жылқышы ұшып көл жақта, Жүр азығы мол жақта. Жалпылдап тек жапалақ, Жете алмайды ол жаққа.
Жаңылтпаштар – тіл дамытуға арналған қысқа әрі тиімді ауыз әдебиеті үлгісі. Олар дұрыс әрі жылдам сөйлеуді жетілдіріп, дикцияны, зейін мен ойлау қабілетін дамытады. Шуақтаған ботамды, Шуға апарып шуладым. Шудалаған шудасын, Суға салдым, Судан алдым, Суға малдым. *** Ай, ай, Айдарбай, Иір мүйіз сиырды Үйіңе айдай бар! *** Қарамайлы қарағайды Кесейін бе, кеспейін бе? Қазықтағы қара тайды Шешейін бе, шешпейін бе? *** Суда сең келеді, Сегіз серке тең келеді. Суға сақалын мала, сілке, Суға сақалын мала, сілке. *** Арқада алты арқар бар, Қырқада қырық арқар бар. Қырық арқарда ақ арқар бар. Алты арқарда марқа арқар бар. *** Ақ тайыншаның қатығын, Аппағыма беремін. Аппағымның атын тез, Айтқаныңа беремін. *** Ала бие құлындады, Қара бие құлындамады. Әжем соны ырымдады, Атам оны ырымдамады. *** Жез түстес үзік-үзік, Зер жіппен ақ үзікті Өрнектеп жүзік тізіп, Әдемі етіп ызыпты. *** Көк аспанда жұлдыз бар, Мөлдір суда құндыз бар. Жұлдыз түнде жылтырар, Құндыз түнде жылтырар. *** Құман от басында, Жүген ат басында. От басынан құманды алыс тастасын ба? Ат басынан жүгенін ап, ноқта салсын ба? *** Қаршыға ма, Құмай ма? Әнші балаға қаршыға ұнай ма? Малшы балаға құмай ұнай ма? *** Сылдырмақ сылдырлады, Сәби былдырлады. Сылдырмақ сылдырласа, Сәби былдырлай ма? Сылдырмақты сындырмай ма? *** Томағаланған төрт бүркіт – қолда. Томағаланбаған төрт бүркіт – торда. Қанша бүркіт болады сонда? *** Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім, – Неше кіші ішік піштім?! *** Жоғалды бес шыбыш, Жоқ әлі еш сыбыс. Жоқ әлі еш сыбыс, Жоғалды бес шыбыш. *** Көбейсін ат ұстар, Болмасын атыстар, Болса мол атыстар, Қалмайды ат ұстар. *** Шеңгел! Шеңгел! Шеңгелге енген де, Шеңгелде сенделген де Еріншек Ерден бе? *** Ұшы үшкір, ұшқыр үш жебе алдым, Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым. *** Тас, тас, тасбақа, Асты-үстінде тас-тапа. Келсін қасқа – асқа, ата, Берші бата, досқа, ата. *** Тысы тым көрікті, Үкілі үш бөрікті Үлестір деп беріпті. *** Сұқсыр үйрек Ұшқыр үйрек десек те, Тұмсығы үшкір үйрек Сұқсыр үйректен күйрек пе? *** Ол да шылбыр есті, Мен де шылбыр естім. Ол шылбырды сылбыр есті, Мен шылбырды ылдым-жылдым естім. *** Қырда екі кекілік жетіліп келеді, Екі кекілік секіріп-кекіріп келеді. *** Көк аспанда жұлдыз бар, Мөлдір суда құндыз бар. Жұлдыз түнде жылтырар, Құндыз түнде жылтырар. *** Зерек зергер зерделеп, Зергерлеуші зер зерлеп. Зерлілер затын зерлеткен Зергерлік те зерделік. *** Жез түстес үзік-үзік, Зер жіппен ақ үзікті. Өрнектеп жүзік тізіп, Әдемі етіп ызыпты. *** Бұзау бұлқынып, Мойыншағын үзе ме? Мойыншағын үзген соң, Ол біреуді сүзбей ме, сүзе ме?
← Барлық жаңылтпаштар
Нақыл сөздер
Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар - ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек” - деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас...
-
Серік Қирабаев
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан ж...
-
Мұхтар Әуезов
… А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А...
-
Міржақып Дулатұлы
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін б...
-
Сәкен Сейфуллин
Барлық нақыл сөздер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі
×
Хабарлама
×
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі