Тіл үйренуде күнделікті жаңылтпаштарды қайталап жаттығып тұру...

Тіл үйренуде күнделікті жаңылтпаштарды қайталап жаттығып тұру жақсы нәтиже береді. Осының арқасында сіз қиын дыбысталатын тіркестерді, дыбыстау барысындағы қиындықтарды жеңе аласыз. Әсіресе жаңылтпашты тез айта бастағанда түрлі күлкілі жағдайлар болуы мүмкін. Жаңылтпаштар тек қана сөйлеу мақамын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге адамның қиялын да дамытуға көмектеседі. Жаңылтпаштармен жұмыс істеген кезде оқушылар (студенттер, ересек адамдар) бір қалыпты, бір сарынды дауыспен оқымаулары керек. Жаңылтпаштарды қолданып өткізген сабақтар қызық ойын түрінде өтуі керек. Сонымен мына жаңылтпаштармен жаттығып көріңіз: Тұз — мұздай, Мұз — тұздай. Бұл, бұл — піл, Бұл бір ірі піл. Бар, май шайқа, Байқа, жай шайқа. Шаншар шаршап жатыр, Қайсар жайша жатыр. Талғат балға тап, Оншақты жаңғақ шақ, Шақсаң, сақ шақ. Ғарышкер ұшты ғарышқа. Ғарышқа ұшты ғарышкер. Айтшы, ғарыш алыс па? Арқада алты арқар бар, Қырқада қырық арқар бар. Қырық арқарда ақ арқар бар. Алты арқарда марқа арқар бар.
WhatsApp Telegram