Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тілі саласындағы функционалдық сауаттылықтың білім берудегі маңыздылығы

Функционалды сауаттылық- бұл тұлғаның әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметіне белсене араласуы,яғни,өз мамандығына,жасына қарамастан заман ағымына ілесе отырып,білімін арттыра түсу.               

Қазіргі таңда мен 8 сынып оқушысымын.Алайда,ертеңгі күннің болашағының негізі боламын.Ал сол ертеңгі болашаққа білім берудегі,функционалдық сауаттылық дағдысының пайдасы мен кем тұстарын айта отырып,кемшілікті түзеу мақсатында ұсыныстарымды білдіретін боламын.     

Өмірге деген үлкен жолды салып беретін мектептің білім  берудегі маңызы зор.Ал сол білім ошағының қазіргі сәттегі жағдайы мен берер тәрбиесі қандай?

Заман талабы бойынша біздің оқып жатқан оқулығымыз бен алып отырған біліміміз функционалды сауаттылыққа негізделеді.Мұндай оқу түрі менің жаныма жағады.Себебі,кезінде тек теориялық негіздермен жұмыс істесек,қазір практикамен жұмыс істей отырып,оқулықта берілген оқылым,айтылым,жазылым дағдылары бойынша өз пікірімізді ашық жеткізе алып,сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға бейімделудеміз.Ал мұның керегі не?Не мақсатпен жасалып отыр деген сұрақ әркімнің көкейін түсуде.Менің ойымша,бұл оқу дағдысы баланың ортамен тілдесе алуы мен қазақтың тарихын жан-жақты түсіндіріп,өзге де білім салаларымен байланыстыра отырып,мамандық таңдауға өз үлесін қосады.Оның үстіне бала өзінің ойын ашық түрде айта алып,бір-бәрімізді критерий бойынша бағалап,әркімнің пікірі өзінше құндылыққа ие бола алады.Әйтсе де әрбір кереметтің бір кем тұсы болуы хақ.Кезінде оқулықта қазақ тілінің негізін салушы грамматиканы көптеп беретін.Алайда,қазір біз функционалдық сауаттылыққа бет бұрсақ та, грамматикалық негіздермен жұмыс істей алмай жатырмыз.Бірақ,бұл оқулықтан мүлде жойылып кеткен жоқ.Тек сөздік бағдар бойынша аздаған мәліметтер беріледі.Әйткенмен де бала сөйлем қалай құралады,қазақ тілінде неше сөз табы бар?деген сұраққа мардымды жауап бере алуы үшін грамматиканы көптеп беру керек.Менің ойымша,қазақ тілін жасаушы грамматиканы ,функционалдық сауаттылыққа негізделген оқулыққа енгізу арқылы бір оқпен екі қоянды атамыз.Себебі бұл сөздің өзі жан-жақтылық деген ұғымды да қарастырады.

Болашақ жастардың қолында деген қоғам сол жастарға дұрыс бағыт бере алуы  керек.Ата-ананың тәрбиесі бұл бастау,ал мектеп оның жаршысы.Бұл сөздің астарында тың мағына жатыр.Балаға ата-ана дұрыс үлгі көрсете білсе,ата-ана балаға оң тәрбие бергенін мектептегі мақтау арқылы біле алады.Сол себептен бала ата-ананың айнасы делінеді.Ал тәрбиенің функционалдық сауаттылыққа қатысы не?Бұл дағды ата-ана мен бала,мектеп арасындағы алтын көпір.Бұл көпірде бала өзінің тәрбиесін көрсете отырып,білімді алуға бет бұрады.

Осы айтқан ойымды қорытындылай келе қарым-қатынасты үдетуге,барлық білім,ой,пікірді алмастыра алуға қабілетті дағды-функционалдық сауаттылық деген шешімге келдім.Себебі,болашақтың жарқын етуге білім керек болса,біз сол келешектің  кепіліміз.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

satbajalbina

Мені қолдайсыздар деген үміттемін!

Мухатаева Айнур

Жарайсын кызым! Талабыны нур жаусын!

Акмарал

Жарайсын, Альбикош!!! Талабына нур жаусын!!!! Тек алга!!!!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз