Заманауи детектордың атасы орта ғасырда пайда болған екен. Алайда, қазіргі полиграф ортағасырлық өтірік детекторынан айтарлықтай ерекшеленеді.
«Ақиқат аузы» — Римнің ерекше және танымал орындарының бірі. Бір қызығы, өтірікшілер мұнда әлі де болса біршама қорқынышпен келеді екен.
Ауыз Bocca della Verita алаңында орналасқан.
Бұл тас мүсін (медальон) Мария ин Космедин шіркеуіннің қабырғасында орналасқан. Мүсін І ғасырдағы ежелгі субұрқақтың бөлігі болған және пұтқа табынушы құдайлардың бірі Океанусты бейнелеген деген болжам бар. Сондай-ақ, басқа бір дерек Тибр өзенінің құдайының бейнесі деген болжамды алға тартады.
Шыншыл ауыз (Ақиқат аузы) — сақалды адамның бет-жүзін бейнелейді, диаметрі 1,75 м болатын дөңгелек бейне мәрмәрдан жасалған. Оның көздері дөңгелек және аузында үлкен тесік бар.
Дөңгелек мүсін біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда жасалған деп болжануда, ал, XVII ғасырға дейін әшекей есебінде болған деседі. Орта ғасырдың ырымшыл адамдары өтірік айтқандар мәрмәр мүсінге қолын салу арқылы қатаң жазаға ұшырайтынына, яғни қолынан айырылатынына шүбәсіз сенді.
Бұл бейне жалғандықты анықтау қасиетінің арқасында танымал болды. Мүсіннің аузына қолын салып тұрып жалған сөйлесе, мүсін тістеп алады деген наным болды. Тіпті, орта ғасырларда медальонның артына өтірік айтып, кінәсі дәлелденгендердің қолын шабу үшін жазалаушы қойылған деседі. Сонымен қатар, күмәншіл күйеулер мұнда әйелдерін әкелетін болған.
Ақиқат аузының танымалдығы сонша, күні бүгінге дейін бірнеше фильмде бой көрсетіп үлгерді. Соның бірі Одри Хэпберн мен Грегори Пек актерлық сомдауымен көпшілікке жол тартқан «Roman Holidaу» фильмі.
Соңғы уақытта Римге қарап әр түрлі елдерде Ақиқат аузының бейнесі бар автоматтар пайда болды, тіпті, Римнің көптеген жерлерінен мүсін бейнеленген кәдесыйды сатып ала аласыз.
Панормадан қарау:
Назерке Әсетова
Физика заңдарының үстемдігі жүрмейтін 14 мүсін
Жұмбағы әлі күнге дейін ашылмаған 13 тарихи ескерткіш
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі