Бақыт-кез келген адамның ішкі тебіреніске,толғанысқа толы ерекше бір сезімі. Бақытсыз ешкім өмір сүре алмайды-ау,сірә. Ол адамның руxани азығы,сарқылмас күші мен маржандай асыл тасы.
Меніңше,бақыттың негіздері біршама. Ең алдымен,бақыттың нағыз жанары-ата-ананың барында,олардың дендерінің саулығында,жүректеріндегі қуаныш пен риясыз күлкілерінде... Расында да,ата-ана әр баланың жанашыры,қорғандары мен сүйеулері. Оларсыз ешбір бала өзін қауқарлы сезінбес. Құласа,сүрінсе-демеп,әрдайым қолдау көрсетіп жүретін, тек қана әке мен ана.
Бақыт-бұл әр кісінің басынан өткен балдай тәтті балалық шағы. Балалықпен ескермей кеткен талай жәйттар қазір көз алдымда. Еш уайым-қайғысыз,жайбарақат кез деп бала кезді айта аламын. Еш нәрсемен жүйкені жұқартпай,басты да ауыртпай жүретін "балалық". Әркез шат-шадыман күй кешіп,мәз-мейрам боп күлетін "балалық". Дүниедегі бұл ерекше шаққа ештеңе де жетпес.
Бақыт-бұл жастық. Балғын жастық шақ. Жас кездегі бақытты сезінудің өзі бір бақыт. "Жастық-жалын" деп бекерден-бекерге айтылмаған. Осы мезгілдегі көктем айы ерекше өтеді. Жастықтың ынта-ықыласы,талабы бақыт сыйламай тұрмайды. Керемет,бәрінен де өзгеше әсерге бөлеп,бүкіл әлеммен сәйкестік пен үндестікте болатын мезет-жастық шақ. Бұл кезең - қажымас қайрат пен жігердің шыңы,биік мұнарасы. Сондықтан да,жастық кез ұлы бастамалар жинағы. Осы сәтте жайқалмай,гүлденбегенде,бақытты сезінбегенде,қашан көркейеміз?!
Өмірде бақытты болудың жолдары жетерлік. Өз-өзіміздің көңілдерімізді көтермесек,бақыт нұрына бөленбесек,бұл жалған да өзінің әсемдігін жоғалтады деп ойлаймын. Осы әлем тек бақытпен ұштасады. Біздің жаһанымызды мың құбылтып,түрлендіре алатын - бақыт. Онсыз дүние күрең күз, қатаң,әрі қалың қыс мезгіліндей,күңіреп,тұнжырайған аспандай,солып қалған гүл тәріздес болар еді.
Бақыт - күндей жарқыраған,жұлдыздай жымыңдаған балғын сәт.
Менің бақытым-жүрегімде,жаймашуақ,әсерлі күндерімде. Бақытқа жету жолын мен өзім жасаймын,өзімнің іс-әрекеттерімнің нәтижесіне де мен ғана себепкермін. Көбісі бақытты болудың сырын іздеп,әуре-сарсаңға түседі. Алайда,бақыттың дәл жанында екендігін көп түсіне бермейді. Бақыт-ол адамның денсаулығы,оның күнделікті жұмысы,еш қайтарылмас бағалы уақыты,қасындағы жақсы көретін жандары... Кейбіреулері,бақытты ақша мен мал-мүлікте,атақ пен даңқта,мансап пен дүниеқұмарлықта деп ойлайды. Әрине,бұл жалған пікір. Мұның бәрі де бүгін болса, ертең- болмайды. Олардың арттарынан жүгіру - бұл бос әурешілік. Сондықтан,қазіргі сәтте қасыңнан табылған ізгі ниетті жандарды бағалап,олардың қадірлерін түсіну маңызды.
Бақыт жайлы сөз таусылмайды. Оны әрі қарай да,өрбітіп алып кетуге болады. Дегенмен,ұзын сөздің қысқасы деп аяқтай келе,"бақытты сырттан емес,өз жүрегіңнен таба біл" деп айтқым келеді.
Қасиет Бахкерейқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі