Өлең, жыр, ақындар

Ауылдан алған аруым

Армысыздар ардақты ағайындар, арыстандай айбарлы ағалар, арманшыл адамдар! 

Ата –анамның алтыдан асқанда айттырған Алматының алыс ауылындағы, адал аруды алуға адыраспанмен аластап аттандырғанын, ақыры аңызға айналған, аңызымды алдарыңызға арнаймын. Алдарыңызда абыржып атымды айтпаппын. Атым-Асыл. Айтқанымды  аптықпай, алаңдамай, асықпай,  айғайламай, асқазанды ашықтырмай, ауызды ашпай ақылға алыңыздар. Аруды алуды алғашында айлап армандадым. Ақыры Алматының алыс ауылындағы ақбасты алпыс-алтыдағы алпауыттай, Ақсақал Асқар атаның ажарлы Айманын алмаққа, ауылым Ақ Алатаудай-Алтайдан ат алып,арылтып, арбаланып, арқаланып аттандым. Айтпақшы, арзандатып алтын алқада алдық. Алқаны алуға Алматыны адам айтқысыздай, армансыз араладық. Ақшамның аздығынан, айдай алтын алқа ала алмадым. Ақысына, айламды асырып ата-анама, ауылдан алты алқа алатын ақшаға, айтқанымнан айнымай, алдыртып алдым. А, айтқандай Абайдан асып, ақындарша арнаған арнауымды айтпадым гой. Аяғым Алматыдан асып ауылға аттады. Ауылдың ап-ашық аспанын, ауасын аңсағаным-ай. Аңшылары аң аулауға асығуда. Асқар Ақсақалмен амандасып алып, айналамдағы алпыстан аса аталарыммен ақырындап амандастым.Ауылдың, ата-анамның амандығын ашып айттым. Атаған атымның ауыздығын алдық.Алдымда ақсақал ағынан ашылып, астымда-ақ алаша, алдыма асылған- ас алдыртып, аузыма асатты. Асығыспын! Асқар Ақсақалға ауылға алтыда Айманды  алып, автобуспен аттанатынымды, анда аңқылдаған  ауылдастарым асыға- аулаға ас асып, абырлап  алаңдауда. Алыстағы алты аяқты арбаның алдында, ауылдың арасында, айтта- ауылдың алты ауызын айтпаса алаңсыз ашуға алынатын аспазшы алғыр Ақжарқын апай, Айманға алыстан айғайлап, ауыл-аймаққа асығыс аттанатынымызды айтты. Айман асығып, арпалысып, аяғы-аяғына айқасып, алдымнан алды ашылып, атылып, асылып алды.

Айтсам ба, айтпасам ба? Ата-анамның Арыс, Ақсай, Атбасар, Ақкөл, Аманөткел ауылдарының аққудан айнымайтын аруларына айттырмай, Астана, Аягөз, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Алғабас, Аралдың айтулы аруларына аялдамай, Алматының ауылындағы аруға айттырғанын айтсаңдаршы. Ақылдан адасардай ашуландым. Алақандай айдың астында, Аққурай ағашының алдында аңсап, айттырған Айманым-ажарсыз. Анығын айтқанда -албастыдай. Айманды ала алмайтынымды айттым. Аузы айран-айран. Аш арыстаннан аумайды, арық, алды-арты  ажыратылмайды, ауылдастарының айтуынша «алапес»  аурумен ауырыпты. Ал, арғысын айтсам ауылдың «ала ауызы»  атаныпты. Анаған алған айдай алтын алқамды, атаған аққұба-ақбоз атымды аядым. Алдында аяғымды аялдатпай, ауылға асықтым. Айманды апармасам, аяулы анамның айқайға асылатыны айдан анық. Амалымның аздығынан Айманды ауылға, аялы алақаныма аялап, алдарына апардым. Алпыстағы алжыған атам, аппақ апаммен ақылдасып, ауылдағы алты ала ат арбаны айдатып, «Айдын» асханасында асыкпастан-ауылға, Айманның ата-анасына, айбынды ағаларына арнап, ақпанның алтысында арнайы ас арнады.Аста арзан «аққу»  арақты аямастан алдыртты. Алма-апельсинді аздап ағаштан алды.Айлар ,апталар аңдамай ағылды. Аяғы ауырлап, алты айдан асты. Ақыры аяңдап ақылға алғаным: алыстан арбаланғанша, ақымақ аяқты ауыртпай, айналамыздағы аруларымызды арқалағанымыз-абзал!!!

Кұрмет Досжан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер