Кез-келген кітаптың ішкі әлеміне үңіле білу-үлкен өнер. Кітап-айнымас жолдасыңыз, бағалы құндылығыңыз, рухани байи түсудің өзгермес шарты. Жан дүниеңізге жақын әдеби туындыны таңдау-ғұмырыңызға жаңа леп кіргізеді. Кітап оқудың да өзіндік қағидалармен танысыңыз:
1. Қалауыңызға қарай әлем әдебиетімен немесе төл туындылармен сусындау.
Ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз.Сізге ләззат пен пайда әкелмейтін кітаптарды оқуды доғарыңыз.Адамдар кітаппен достасу арқылы естен кетпес саяхат жасай алады.Әрине, бұл өзіңізге ұнаса ғана.Дегенмен, байқап көріңіз.
2. Кітап оқуға арнайы уақыт бөліңіз.
Бұл үшін сіз жоспармен жүруді әдетке айналдыруыңыз керек.Бір күндік уақытыңызды жеке бөлікке бөліп, 2 сағатты кітап оқуға арнаңыз.Орташа есеппен алғанда, осы арқылы сіз бір айда 2 немесе 3 кітапты оқып, тауыса аласыз.
3. Оқыған шығармаңызбен бөлісіңіз.
Кітап оқиғаларын жадыңыздан шығармау үшін жақын досыңызбен не болмаса танысыңызбен осы жөнінде әңгімелесіңіз.Бұл-есте сақтаудың керемет тәсілі.
4. Кітап авторымен диалог құрыңыз.
Туындыны оқу барысында сіз келіспейтін тұстар болуы да мүмкін.Туындаған сауалыңызды ішкі әлеміңіз арқылы авторға қоя аласыз, тіпті сұрақтарға жауап та табасыз.
5. Өз ойыңызды күнделікке түртіп қойыңыз.
Өзгелердің көзқарасымен шектелмей, өз пікіріңізді бүкпесіз жеткізіңіз.Кітап оқудың тактикасы-шахмат ойынына ұқсас.Сөйлемдерге тоқталыңыз.
6. Тізім жасаңыз.
Тізім арқылы кітап оқуды жалғастыру-шабыт сыйлайды.Жеке тізім жасау арқылы туындылардың негізгі идеялармен танысасыз.
7. Мұқият оқыңыз.
Ия, мұқият әрі баяу оқығаныңыз жөн.Сіз әрбір сөйлемнен ләззат алуға тиістісіз.
8. Кітапты ақыл-ойыңызды дамыту көзі деп біліңіз.
Шығармаларды эмоцияыңызды білдіру және шабытқа бөлену үшін оқығаныңыз жөн.Комикстермен танысыңыз, алайда жеке туындыларды оқу-интеллектіңізді шарықтататынын ұмытпаңыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі