Биыл мен 10 сынып оқушысымын. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, әр адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты дамыған, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, технологияны жетік меңгерген болуы тиіс.Осыған орай, заманға сай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біздің Елімізде, нақтырақ айтсақ білім жүйемізге көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа серпіліс толқыны бой көтерді. Бұрын соңды естімеген нәрселер оқу бағдарламасына енгізілді. Мен осы жаңа жүйемен оқып жүрген оқушы болғандықтан оның кейбір кемшіліктерін және пайдасыз тұстарын көріп жүрмін. Бұлай деуіме мысалдар келтіре аламын. Бұның барлығын ұлтымның болашағын ойлағандықтан айтып отырмын. Әйтпесе, көп оқушыларға керісінше сабақ өтпей алаңсыз жүрген ұнайды ғой...Бірақ мен бұған төзе алмаймын. Менің ойым алысқа, тереңге қарай тартады. Кейде өткенге, кейде болашаққа. Өзімнің емес, ұлтымның болашағына деген көбірек уайым мені мазалайды. Себебі, халқым жоғалса, елім жүдесе мен кіммін? Мен қазақ елінсіз ешкім де емеспін. Сол үшін, өзім еленуім үшін алдымен халқым асқақ болуы тиіс. Ал халықтың асқақтығы үшін мен де күресуім қажет.
Сонымен, мені толғандыратын ең бірінші мәселе-тіл мәселесі. Иә, ағылшын, орыс тілдерін білу заман талабы екені рас. Бірақ, таяқты әліп деп білмейтін 1 сынып оқушыларына ағылшын мен орыс тілдерін енгізу тым өрескел нәрсе. Ана тілімізді құрметтеу жайлы сөз қозғағанда ауыздан небір әсем сөздер төгіледі емес пе?! Ең алдымен өз тілімізді ардақтайық деп барлық жерде барлық жұрт айтады емес пе?! Енді ойлаңыз, әлі бойына патриоттық сезім дарымаған, ұлтын толық танымаған, ұлттық құндылықтарды меңгеріп үлгермеген, санасы толық жетілмеген мектеп табалдырығын тұңғыш аттап тұрған балаға ағылшын мен орыс тілін үйрете отырып, алғаш сауатын өзге мәдениеттің білімімен сусындатсаңыз ол баладан болашақта қандай ұлтжанды азамат күтесіз?! "Егер қазіргі таңда кімде-кім баласының болашағын ойласа, кейін қай тілде оқытса да, балабақшадан бастап кемінде 3-4 сыныпқа дейін қазақ тілінде оқыту керек, Бұл өз өмірімдегі тәжірибем және әкемнің ақылы."-деп Мұхтар Әуезов атамыздың ұлы Мұрат Әуезов әкесінің өсиетін айтқан екен. Нағыз қазақ елінің, тілінің жанашырлары осылай дегенде осы сөзден асып бізге не жоқ?! Сөзімнің түйіні мынау:"Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін білімнің тұнығынан сусындату қажет. Мен үшін білімнің тұнығы ана тілімнің арқасында ғана бойға дариды." Ел болам десең бесігіңді түзе демекші "еңселі ел" болу үшін ең алдымен, жас ұрпақ бойына мектеп деген алтын бесігімізден бастап, ол бала ес білгенге дейін тек қазақша білім беріп, ол баланың рухани, қазақи иммунитетін жетілдіру керек.
Қазіргі "жаңа формат" деп жарияға жар салып, жаңалық қып, шетелден қалмайық деп біздің ұстанып отырған бұл жаңартудың тағы бір қате тұсы-жиынтық бағалау деген нәрсе. Бұл нәрсе мектептегі оқушылармен бірге ұстаздардың да мазасын алып бітті. Шынтуайтына келгенде, "БЖБ, ТЖБ" деп ақ парақ та таусылып, мұғалімдеріміздің де шашы ағаратын болды. Оның не оқушыға, не мұғалімге берер ештеңесі жоқ. Оқушыларды қоя берші, олар амалын тауып тапсырманы бір-бірінен көшіріп болса да орындап береді. Ал оның зардабын ұстаздарымыз көріп жатыр. Оқушымен бірге сабақ жүргізе ме, әлде қайдағы жоқ "бжб, тжб"-ны жасап, оны көз майын тауысып тексере ме не болмаса kundelik.kz сайтына кіріп, қаншама уақытын ғаламтор желісіндегі "загрузкаға" бөліп күнделік толтыра ма? Қазір ұстаздарымыздың "қайран, бұрынғы журналымыз жақсы еді ғой" деп сол көк журналды аңсап отырған сәттеріне жиі куә боламыз. Оқушылар мен ұстаздар қауымын сонша әуреге саларлық бұл жиынтық бағалаулар иненің жасуындай да пайда бермесе оның не үшін енгізілгенін түсіне алмаймын.
Айтпай кетуге болмайтын тағы бір нәрсе-кітаптардың өзгергендігі. Сыртқы мұқабасы өзгеруге үйрендік қой, ал ішкі мазмұнды өзгертіп не керек... Шынымды айтсам, оқу жылының басында қазақ тілі мен әдебиетіне арналған оқулықты көріп жылағым келген. Қарасаң, ішің ашиды. Оқулықты ашсаң татымды нәрсе жоқ. Қазақ тілі кітабының өзі бір журналдың ғана қалыңдығындай. Әліге дейін түсінбеймін; қазақ тілі оқулығында неге грамматикаға, оқу сауаттылығына емес индустрия, өнеркәсіп, экономика т.с.с деген тақырыптарға көп басымдылық берілген? Онда география деген арнаулы пән не үшін оқытылады? Әрине, көкейде сұрақ көп. Алайда, екінің біріне жауап та табыла бермейді.
Айта кететін тағы бір жайт-өзіңді өзің бағалау деген нәрсе. Бастапқыда, біз үшін бұл тым таңсық нәрсе болды. Бірақ, бұрынғыша баға қойылмайтыны нашар оқушылардың пайдасына асты. Бұрынғыша екілік баға қойылмайды дегенге мәз кейбір оқушылар оқы не оқыма не "3 терін" алып кетіп жатты. Есесіне, барлық оқушылар босаңси бастады.Талаптың азайғаны сапасыз білімге алып келді. Талап әлсіз болғаннан тәрбие мен тәртіп те жоғала бастады. Әл-Фараби бабамыздың мынадай сөзі бар:"Тәрбиесіз алынған білім-адамзаттың қас жауы." Тәрбие ошағы болған мектебімізден ертеңгі күні халық жаулары шықпас үшін, ең алдымен Кеңестік кезеңдегідей мызғымас тәртіп керек. Мейлі, Кеңес деген сөз құлағыңызға түрпідей тиген болса, өзіміздің қазақты-ақ мысал етейін. Сонау замандарда қазақ атамыз баласын молдаға тапсырып "еті сенікі,сүйегі менікі"-деп өз баласының жанын аямай темірдей тәртіппен сауатын аштырды емес пе?! Есесіне, біздің бабаларымыз қандай болды?!
Сомен айтпағым, білім сапалы болу үшін тәртіп пен талап болу қажет. Ал қазірігі жаңа бағдарлама бойынша "талап" деген ұғым мүлде жоқ. Өзің бол да, өзің тол, өз бағаңды өзің бер,-дейді. Бұл да бір кемшілік.
Тәуелсіз Қазақстан болғандықтан, бодандықтың белгісіндей болып көрінетін кеңестік заманның қалдықтары мен естеліктерінен арылғымыз келеді. Алайда, ол кезеңдегі тәртіп пен тәрбиенің қандай болғандығы тарих беттерінен мәлім, өмір шындығы да оны дәлелдеген. Сол тәртіп бар кезде орныққан білім жүйесі қарапайым да қатал, түсінікті де тиімді еді ғой. Еліміз әлі де дамып, кемелденгенше сол жүйені алып тастаудың қажеті жоқ еді мүмкін деп ойлаймын. Қанша дегенмен еліміз әлі де жас мемлекет. Жаңашылдықтарды халық қабылдауға дайын кезде енгізу керек еді.
Әрине, бұл-Қазақстанның елене бермес кішігірім бір ауылындағы қыздың пікірі. Соңына дейін оқыған болсаңыз, рахмет. Ал егер келіспейтін тұстарыңыз болса, өз сөзім өзімдікі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Н
Тамаша
Рахила
Өтее жаксы жазғансын Макпал ❤️Шынымды аитсамм окып отырып денем титиркенип кетти Осы мемлекеттегі типти осы ауылдың мектебіне дейн бизгеде унамайтын кырларын жазыпсын сөз жоккк Сөз шеберлігің өте жоғары саған ризамын
Гіміңтай Тұнық
Өте орынды айтылған
Ұлдана
Мен де дәл осылай ойлаймын! Жарайсың ! Осындай пайдалы ақпараттарды көптеп жаза бер !
Molya
Барлық оқушылар мен ұстаздарымыздың көкейінде жүрген мәселені қозғап отырғаныңызға ризамыз! ЖАРАЙСЫЗ! Толық қосыламын осы пікірмен,ия басқасы басқа бірақ білім беру жүйеміз шын мәнінде де құлдырап бара жатқаны,өкінішті -ақ...Сондықтан,бұл мәселеге бей жәй қарамасақ деймін!
Дамира
Өте керемет
Зере
Күшті жазылған екен!
Arai
Керемет жазылған
Арай 9 сынып
Өте дұрыс жазылған
Муслимов Ерлан Еркінұлы
Қолдаймын! Өте дұрыс айтылған! Жақсы ой! Әдемі пікір!
Мадина
Сізбен толықтай келісем
Гулмира Отаршыбай
Жарайсың, Мақпал!!! Өте дұрыс нәрсе жазыпсың. Ауданымыздың үлгі тұтар қызы!!!
Korkem
Мақпал,өте жақсы жазыпсын.Тіпті алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаспын.Биік деңгейде сынға алыпсын.Жарайсың
Альбина Еркінқызы
Өте керемет жазылған ! Сізбен толықтай келісемін !
Марал Нұртуғанқызы
Жарайсың, алтыным! Бәрімізді толғандырып жүрген мәселемізді толықтай айтып жеткізіпсің! Керемет тек алға!!!
Шаттық
Керемет жазғансын
Хадиша
Өте жақсы жасыпсың қызым.
Сендей қыз тәрбиелеген ата-анаңа Алла разы болсын жаным!
Өркенің өссін. Отаным деп, қазақ деп соққан жүрегіңнен айналдым
Хадиша
Жарайсың жаным
Хадиша
Алла разы болсын!
Амина
Жарайсың, Мақпал! Өте керемет, орынды жазылған. Сенімен толықтай келісемін. Ойымыз бір жерден шығатыны өте қуантты.
Айнура
Жарайсың,өте жақсы тақырып өте жақсы ой пікір
Старший Брат Автора
Хорошо сказано☝️. Но поверьте мне, в универах еще хуже
Myrza
Тамаша
Толқын
Көкірегі ояу, көзі ашық ұрпақтар осылай ой толғай білсе, еліміздің жоғалмасы анық!
Марзия
Өте дұрыс жазылған.Жаңартылған білім жүйесі -сауатсыздыққа апарар тура жол,
Ербол қощ
Бұл жеткіншек қыздың пікірі қазіргі заманның мәңгүріт басшылары түсінбеген ащы шындық, осылай айта берсек еститін құлақ табылар
Макпал
Пікірлеріңізге көп рахмет
Арай
Жақсы жазғансың Мақпал! Бұл бағдарлама болашақ ұрпақтың білімге деген құлшынысын төмендетеді. Ескі бағдарлама жақсы еді.
Арай
Жарайсың Мақпал
Нұрлыбек
Барлык пікірлерге қосыламын,өте орынды жазыпсыз,Мақпал
Саят
Керемет жазылған,көзбен көріп жүрген жағдайларды осылай жасырмай бүкпесіз жазғаныңызға көп рақмет!
Нурсулу
Жарайсын Макпал!
Майкен
Өте дұрыс жазылған.Болатын бала екенсің.Пайдасыжоқ Бжб,Тжб мұғалім тұрмақ баланың жүйкесін жұкартып болды ғой. Окушы әбден таусылған соң жазып отыр ғой.
Майкен
Өте дұрыс жазылған.Болатын бала екенсің.Пайдасыз Тжб,Бжб баланың да үлкеннің де жүйкесін бітірді ғой.
Луиза Саухан
Өте орынды,керемет жазылған,мұның бәріне мен де қосыламын,барлық ұстаздар көкейіндегі мәселені оқып түйіпсің
Эльмира
Керемет
Бақыт
Өте дұрыс жазылған.Көкейде жүрген дүниелердің бәрі жазылған.Айналайын, қазақтың білім шыңына ұмтылған қадамың сәтті болғай. Ол үшін жүйе жөнделсін деймін .
Aygulotemis
Неге біз артқа шегінуге дайын тұрамыз? Жаңа нәрсені қабылдау өзімізге байланысты. Бұрынғы көк журналдарда бағаны түзете салу, соңынан қате болса оны жаңадан көшіріп шығу, әр мұғалім бір журналдың соңында жүретін, ал қазір әр мұғалім өзінің жеке парақшасынан кіріп баға қояды. Күнделік кз жобасы әр күні қай сабақ болады, соған сай әрекет етеді, өткен күнге баға қоя жоқ және қойылған баға түзетілсе компьютерден шығып тұрады, мұғалімнің дұрыс жұмыс жасағандығы, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды дұрыс толтырылғаны қатаң түрде тексеріледі! Біз цифрлық жүйеге көшу үстіндеміз! Электронды журналды жойғанша, интернеті аз ауылдық жерлердің жағдайын жасау нұр үстіне нұр! Ал үштілділік жүйесі, өз тіліңді ұмыттыру дегенді білдірмейді, 1-сынып оқушысы орыс тілін толық оқымайды, тек 3-тоқсаннан бастап жалпы сабағы қорытылады, ағылшын тілін де бүге-шүгесіне дейін оқытпайды! Ұлтқа болашақта қызмет ету білімге ғана байланысты емес, мінезге де байланысты..)) Автор, менің ойым осы, қарсы пікір айту емес, мақсатым өз ойымды білдіру.
Әкімгерей
Менің ойымша, бұл баланың өз пікірі емес, аннан-мыннан естігені мен көргенін араластырып жазғаны. Мұғалім сауатты болса сабақ беруден қиналмайды. Өкінішке орай, біздегі мұғалімдердің көбі бұрынғыша оқытады, ал оқулықтар болса жаңа әдіс-тәсілдерге негізделген. Жаңа навороченный джипке трактористерді отырғызып, басқартып қойған сияқты. Әрине, бұндай теңеуім үшін кешірім сұраймын. Мен тек айтып отырғанымды дұрыс жеткізе алсам деген оймен айтып отырмын. Өзім де мұғаліммін, сондықтан бұл сөзді дұрыс түсініңіздер. Оқулықтарда қателер бар, оларды түзетіп жатыр, бірақ әлі де өте жәй жүріп жатыр бұл жұмыс. Бірақ, қазақ тілі сабағында грамматиканы географиялық немесе өзге мәтіндер арқылы оқуға болмайды дегенді кім айтты? Қандай мәтін болса да , сол мәтін арқылы ережені оқытуға болатын шығар? Қайта бір сабақтан екі пән бойынша білім алып шыққан қызық емемс па! Әрине, мұғалім әлсіз болса, ол үшін таптырмайтын сылтау. Сондықтан, алдымен мұғалімді оқыту керек. Егер, мұғалім өз пәнін жетік білетін және жаң әдістерді жақсы меңгерген болса, қазіргі кезде оның шығармашылықпен жұмыс жасауына толық жағдай бар.
Айдын
Ой еркіндігі болған жақсы ғой!
Алма
Негізі әлемдегі ең үздік модельдерді алып қолдану керек. Барлық жүйелері саралап, ең тиімдісін. Кейін шетінен оны да дамытып дегендей. Дамуда шек жоқ, дамыта беру керек. Ескіге жабыса бермей.
Эльенора
Қайырлы кеш. Менің есімім Эльенора. Керемет тақырыпта эссе жазу бұйырыпты. Эссені оқып шықтым өте керемет жазылған. Ешқандай бүкпесіз ашық жазылған эссе. Ия астындағы пікірлерді де оқып шықтым. Таң қалып отырған нәрсе бас жағындағы пікірлердің барлығы эссені жазған қызды қолдап отыр. Демек, ол адамдар да бұл қыздың ойымен келісіп отыр деген сөз. Ал бірақ неге соңғы 1 пікір ол қарсы пікір, және ол да жарысқа қатысып отырған кісі, және мұғалім. Жарайды өз ойын жазды делік. Мүмкін мен қате ойлап отырған болармын.Менікі дұрыс болмаса кешірім өтінемін. Сіз жазғандай бұл да менің жеке ойым. Мен бұл эссені жазған қызды толықтай қолдаймын. Мен қазір жоғарғы оқу орнында оқып жатырмын. Менде болашақ мұғаліммін. Шет тілі мамандығын оқып сол мамандық бойынша практика да жүрмін. Бірақ бір жазылған нәрсе өте қатты көңілімді түсірді. Жалпы осы электронды журнал бойынша ол жақсы, мұғалімдердің қалай жұмыс жасағаны қатаң тексеріледі депті. Маған ой келді осы кезде сонда сабағын дұрыс өте алмайтын жас маман жаңа технологияны жетік меңгеретін болса, еш қандай қатесіз толтырса сонда ол керемет мұғалім бе? Журналды көшірмеу үшін тағы бірдеңе депті. Көшірсе сонша қағазбасты мұғалімде қателесу деген нәрсе бар. Ол электронды журналда кім кепіл ешкім бағаны қателесіп қоймайды дегенге? Оны жөндемейді дегенге? Біле білсеңіз электронды журналда да жөндеу бар, көшіру болмасада. Бірақ артықшылығы көшірмейді деген ба? Сол электронды журналарқылы мұғалімнің қалай жұмыс жасайтыны соншалықты көрінедіма. Қаншама ата-аналар, қаншама ұстаздар байланыссыз отыр. Біреуі баға қоя алмай, біреуі баға көре алмай. Ол қаншалықты дұрыс? Интернет орнатады күтейік дейміз. Бірақ соны о бастан ақ барлық ауылға орнатып, сол жүйені дер кезінде қолға алса осы жағдай болмас еді. Ал кітап қа келсек. Мұғалімлер бұрынғыша оқытады депсіз. Бұрынғыша оқып кем болып жүрмізбе? Жаңадан шыққан кітап қа жетісіппіз. Ішінің бәрі қате, қате. Кітаптағы 1 сыныптын тапсырмасын 9 сынап оқушысы шеше алмайды. Кателіктерді жөндеп жатыр дейсіз артынан жөндеп, шала жасалған жұмысты бітіруге тырысқанша неге о бастан қателіксіз жұмыс жасамайды?. Мүмкін сіз қалада жұмыс жасап ешқандай қиындық көрмегенсін қолдап отқан боларсыз.
Жарайсың
Жарайсың
Myrza
Өте керемет өлең
Бакытгул Каниева
Өте орынды айтылған пікір! !Мен толықтай қосыламын оқушыларға ешқандай білім беріп жатқан жоқ, балаларға жүрегін ауыртады мұғалімдерге меньше забота тегін ақша
Айман
КЕРЕМЕТ адамға ой саларлықтай ұнады