Өлеңдер Бөлімі

Шам шырағымды жаққан жан

Бұл кісі туралы мақала жазудың өзі бір ғанибет деп білемін. Себебі менің өмірімнен өзіндік орны бар . Талай шәкірттің шам шырағын жаққан тұлға деп айтар едім. Менің осы салада жететін жетістіктеріме бастау болған жан. Ол кісінің мен үшін жасағандары үшін болашақ журналист ретінде неге мақала жазбасқа деген ойға келдім. Қазағымыз “жақсының жақсылығын айт нұры тассын ” дейдіғой,сол секілді жасап жүрген жақсылығы ұшаң теңіз .

Ал енді жер көкке сыйдырмай мақтап жатқан бұл жан кім екен десеңіз айтайын. Алматы қаласы Талғар ауданының Талдыбұлақ ауылында тамыры тереңде жатқан Қапиза Әбдіғұлов атындағы №34 мектеп бар . Мен сол мектептен түлеп ұштым. Сол мектептің қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін – Манапова Ұлан апай. Жеткен жетістіктерімнің біршамасы сол кісінікі.

Алғаш көрген кезімді еске ала кетпесем болмайды. Қыркүйек айының басы болуы керек . Сыныпта қазақстан тарихы өтіп жатты. Қоңырау соғылды әңгіме ҰБТ жайлы болып жатқандықтан ба оқушылар сыртқа шыққан жоқпыз. Айта кетейін мен ол кісімен 11 сыныптың басында таныстым. Ішке кіруге қоңырау соғылды. Есік ашылды барлық оқушы біреуді күткендей болып елеңдей есікке ынтыға қарадық. Есікті ашып, аққұба келген , орта бойлы, өзіне тән сұлулығы бар  , ақшыл көйлек киген, қолында сөмкесі бар, сөмкесімен қоса бір қағаздарды қолына ұстап алыпты.  Соған қарағанда сөмкесіне сыймаған болуы керек деп қоямын. Сөйтіп сыныптың табалдырығынан бір –екі қадам жүрді де, Сөйлей бастады. Сөзіне қарап аңғарғаным бір шаруалары шығып бізді тарихтан беретін ұстазға тастап кетпек екен. Не керек сөйтіп айтып шығып кетті.  Тезірек барып тілдесуге асықтым. Алғаш көргенде көзге қатал көрінеді.  Араласа келіп түсіндім ол кісіден асқан мейірімді жан жоқ екенін.

Міне алғашқы кездесуім небәрі үш минуттық болды. Сол кісі маған  мақаланың не екенін ұғындырған. Сол кісінің демеушілігімен шығармашылыққа ден қойдым. Өре бәйгелерге де барып үлгердік. Аз ғана уақыт ішінде туған анам секілді болып кетті. 2 айдың ішінде сенесіз бе ? 10шақты өре бәйгеге барып қатысып , 7-8 мақала жазып үлгердім. Ұлан апайдың қамшылауының арқасында жетістік биігінен шыға білдім.

Қазіргі таңда Алматы қаласындағы  журналистика саласын тереңдетіп оқытудан екінші орында тұрған “ Тұран ” университетінің  тегін оқу бөлімінің студенті атанып отырмын.  Жақында Канадаға  ғылыми  мақаламды орыс тілге аударып жібердім. Жақында алғыс хатта келіп қалады.

Иә, мен мектеп қабырғасын бітіріп кеттім . Бірақ осында оқу үшінде мектепте ұстаздардың қолдауымен көп нәрсеге дайын болдым. Мектеп мені шынайы өмірге шындап жібердім.  Сондықтан мен өзіме сенемін журналистиканың биік шынын бағындыратынымды. Ал сол шынды бағындырғанымда мені жоғары көтеруге өз арқасын тосып тырысқан ұстазымды ұмытпаймын.

Құрметті Манапова Ұлан апай еңбегініз жана берсін мен сияқты шәкірттеріңіз еселене бергей, менің шам шырағымды жаққан бірден бір жан сіз екеніңізді ұмытпағайсыз.   Жарқ етіп ,  жарқыраймын. Сізді жақсы көремін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×