Эссе және өлең-жыр байқауы

Cәулетші Мимар Синан

Сәулетші Синан 1490 жылы Кайсеринің Ағырнас деген ауылында туылып, 1588 жылы  9 сәуірде Стамбұлда қайтыс болды. Жас шағында Стамбұлға келіп оқуын тамамдап, әскер қатарына қосылды. Чалдыран, Мысыр, Тебрия, Бағдат, Родос пен Белград соғыстарына қатысты. Сонымен қатар көптеген мемлекеттерге барып, жүздеген қала көріп, барған жерлерінде аркалармен күмбездерді зерттеді. Барлығынан өзіне дәріс алып, қағазға түсіріп жүрді. Кейін бас сәулетші  қызметіне тағайындалды. Мемлекет құрылыстарын бақылады және сәулетшілерді дайындайтын Хасса Мимарлар Орталығында күні түні сабақ оқытты. Сәулетші Синан мемлекетті мешіттер, медреселер, көпірлер, ғимараттар, емханалар, сарайлар, моншалар, қоймалар және керуенсарайлармен безендірді. Туындысының ешқайсысы бір-біріне ұқсамайтын. Ол қысқа ғана сәулетшілік қызметінде 364 өнер туындысын қалдырды. Сәулетші Мимар Синанның акустика саласында жеткен жетістіктеріне тіпті осы күнгі инженерлер де түсіне алмай бармағын тістеп қалуда. Сүлейманийа және Сәлимийа мешіттері ең асқақ туындыларының бірі болып саналады.

Мимар Синан мазары.

Сәлимия мешіті:

Сәулетші Синанның “шеберлік өнерім” деп бағалаған Сәлимийа мешіті Едирне қаласының бас тәжі болып саналады. Сәулетші Мимар Синанға II- Сұлтан Сәлимнің бұйрығымен 1568-1575 жылдар аралығында салдырылған мешіт азан шақыратын үш қабаты бар, төрт мұнарасымен көзге түседі. Бұл әсем мұнаралар мешіттің төбесіндегі күмбезді ұстап тұрған төрт бұрыштың бұрыштарына қаратып тұрғызылған.31,3 мдиаметрді құрайтын мешіттің күмбезі сыртқы көріністің негізгі келбетін де көрсетіп тұр.

Сәулетшінің басқа да кейбір туындылары:

Сүлеймание мешіті.

Топкапы сарайы.

Шехзаде мешіті

Мостар көпірі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...