1. Өзіңізге жауапкершілік артпаңыз. Себебі, сіз жақын жандарыңыздан өзге ешкімге керек емессіз! Иә, құлаққа түрпідей қадалса да, ащы шындық. Тіпті, ерекше құрмет танытып жүрген "бағалыларыңыздың" өзі- өзгенің қиындықтарына араласуды жөн көрмейді.
2. Күнделікті өзіңізге уақыт арнаңыз. Егер күніңізді қызығушылығыңызға арнағыңыз келсе, жүрек әміріне тосқауыл қоюшы болмаңыз. Алда сізді күрмеуі шешілмес мәселелер күтіп тұрса да, байбаламға салынбаңыз.
3. Сүйікті ісіңізбен айналысып, білім мен тәжірибе қорын жинақтаңыз. Дами түсіңіз, жаңашылдыққа жол ашыңыз, өзгерістерден қорықпаңыз.
4. Сізге ерекше ұнайтын әуенді тыңдаңыз, мотивациялық кеңестер алыңыз. Шаршап-шалдығар болсаңыз, демалғаныңыз жөн.
5. Өткен шаққа оралмаңыз және алдын-ала болашақты жорамалдамаңыз. Иә, дәл қазіргі сәтпен күн кешіңіз! Бастан кешкен қызықты оқиғаларыңызды еске алып, қағаз бетіне түсіріңіз.
6. Айналаңыздағы адамдардың жетістіктері мен сәтсіздіктеріне көңіл қойыңыз. Анализ жасаңыз. Бұл-дұрыс жолды таңдауға деген таптырмас мүмкіндік.
7. "Өмірде тек жақсылық қана орын алады" деген ұғымнан аулақ болыңыз. Ғұмырыңызда қара жолақтар кездесе қалса, қорықпаңыз. Әрбір жеңіліс-жаңа жетістіктермен қауыштырады. Бәрі де өткінші.
8. Тоқталмаңыз! Мақсат-мұраттарыңызға жету жолында тайсалмаңыз. Армандарыңызды жүзеге асыру көп уақытты талап етсе де, өз жолыңызды жалғастырыңыз.
9. Кітап оқығаныңыз жөн. Тізім құраңыз, бір ай ішінде жаныңызға жақын туындыны оқу қиынға соқпасы анық. Әрбір шығарма кругозорыңызды кеңейте түседі.
10. Мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыз. Кейбір тұлғалар алтын уақытын руханилыққа арнағысы келмейді. Алайда, бұл- қате пікір!
11. Жаңа орта құрыңыз. Өз жоспарларыңызбен бөлісіңіз. Бұл-өздігіңізден дамудың жарқын жолы.
12. Армандар күнделігін арнаңыз. Осы күнге дейін жеткен жетістіктеріңізді тізіп шығыңыз.
13. Жоспарларыңызды ретке келтіріңіз.
14. Жаңа істі қолға алмай тұрып, нәтижелерін ой елегінен өткізіңіз. Сіздің ішкі түйсігіңіз не дейді? Оған құлақ асыңыз.
15. Арнайы суреттемелерді алып, арманыңызға сәйкес келетінін бөлмеңіздің қабырғасына іліп қойыңыз.
16. Өзіңізді сынға алыңыз. Бойыңызда жағымсыз қасиеттер жеткілікті ме? Қам жемеңіз. Олармен қоштасатын уақыт туды.
17. Жоспармен жүріңіз. Көмек сұраудан қашпаңыз. Бұл-өркендеудің бір бөлігі.
18. Егер шыңның тағы бір биігіне жетсеңіз, өзіңізді мадақтаңыз.
19. Қарсыластарыңызбен қатар жүруден жасқанбаңыз.
20. Өзіңізді бағалауды үйреніңіз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі