Өлең, жыр, ақындар

Батыл идеялар ұсақ идеялардан неге жақсы?

Батыл идеяларды практикалық тұрғыдан қарастырып көрейік. Кейбіреулердің ақылға қонымсыз арман-идеялары қалайша ақиқатқа айналып, енді біреулердің идеялары шынайы өмірден алшақ болмаса да, неге табысқа жете алмай қалатыны көпшілікке қызық болады деп ойлаймыз.  

Жаһанда батыл да ессіз идеялар үшін ақша бар

Интенсивті жоба тренажерына барып көріңіз. Ол жерде жас кәсіпкерлер — идеялары бар адамдар әр түрлі саладағы мықты мамандармен: бизнесмендермен, коучтармен, үкімет өкілдерімен жолығу мүмкіндігін алады. Бұл шынымен-ақ табысты кісілерден ақыл-кеңес, тәжірибе және өз идеяңның бағасын алудың айрықша мүмкіндігі. Енді осындай кісілермен араласудың арқасында шығуы тиіс бірінші постулат: қарапайым идеялардан гөрі көзсіз батыл идеяға ақша алу оңайырақ. Әңгіме мемлекеттен және бизнестен инвестиция тарту жөнінде болып отыр және бұл айғақ бірнеше себеп арқылы түсіндіріледі.

Әдеткі, қарапайым, іске асыруға болатын жобалар өте көп. Егер идеяңыз ешкімде жоқ айрықша идея болмаса, егер ойлағаныңыз мыңдаған адамның ойын қайталап отырса, оны жүзеге асыруға көмектесуге ешкімнің зауқы болмайды. Егер сіздің идеяңыздың ақылға қонымсыздығы сондай, естігендер сізді салған жерден тауыңызды шағып тастайтындықтан, сіз оны айтудың өзінен қорықсаңыз, оны кім көрінгенге айта бермеңіз. Өз салаңыздағы сарапшымен сөйлесіп, ақылдасыңыз — оның пікір-пайымына құлақ асқаныңыз жөн, бірақ ол да соңғы тірелер жеріңіз емес.

Батыл идеялар да жүзеге асып жатады және бұның мысалдары көп, сондықтан өзіңізге үлкен-үлкен нәрселер туралы армандап, ерен мақсаттар түзуге кеңшілік етіңіз.

Батыл идеялар пікірлестерді тартып топтастырады

Жұрттың жұмыс істегісі келмейтіні туралы талай анекдот пен әзіл-қалжыңдар көп — кеңселік планктон туралы құрығында бір-екі әзілді естімеген біреу бар ма екен? Сіз өз ісіңізді ұйымдастырып қойған және жұмыскерлеріңіздің селқостығына тап болған болуыңыз мүмкін. Бар гәп адамдардың көпшілігі жұмысына эмоционалды, рухани түрде қызықпайтындығында, ал жұмыс адамның дүниетанымының, қағидаттарының және тілек-қалауларының қылын тербемесе, адам ынталы болмайды.

Екінші жағынан алсақ, бір адам ойлап тапқан батыл идеядан басталып, сосын жобаға жентектелген қар сықылды көбейіп отырған пікірлестер (көбінесе идея үшін ғана жұмыс істейтін) қосылып, ақыр соңында жүзеге асып кеткен жобалардың мысалдары да аз емес. Егер сіз ауқымды бірдеңені ойлап жүрсеңіз, оған жалғыз өзіңіздің шамаңыз келмейді — команда керек, бірақ командаға идеяға берілген, идея туралы әңгіме кезінде көзі жайнап кететін және оның іске асатынына сенетін адамдарды ғана қосқан абзал. Егер сіздің батыл идеяңыз болса, жақтас-пікірлестер табыңыз, сонда сіздің командаңыз локомотив емес, жобаны идея кезеңінен іске асыру кезеңіне алып баратын реактивті ұшаққа айналады.

Синергия құбылысы

Синергиялық эффект кез келген идеяны күшейтіп жіберетінін растайтын мысалдар өте көп. Идеялар жеке-дара тұрғанда жай ғана жақсы идеялар болса, олар біріккен кезде қуатты және әлемді өзгертіп жіберуге қауқарлы болып кетеді. Егер сіздің идеяңыз әлемге пайда әкелетін болса, оның айналасына басқа идеялар шоғырланады, күштер, ресурстар біріктіріліп, идеяның маңыздылығы мен энергетикасы артады, яғни оны жүзеге асыру оңайлай түседі. Жобаңызға басқа бір кісінің жобасы, егер ол жоба әлемге жақсылық әкелетін болса, қосылуынан ешқашан бас тартпаңыз. 

Ауқымды нәрсені армандаңыз, идеяларыңыз барынша батыл болсын! «Ақшаны қалай табамын?» деп емес, әлемді (әлемнен бастау шарт емес, шағын аумақтан, мысалы өз қалаңыздан бастаңыз) қалай жақсарта түсуді ойлаңыз — сонда байлық пен жетістік сізді өзі тауып келеді.

Оқуға кеңес береміз:

Уолт Дисней жетістігінің тарихы

Илон Маск деген кім және әлемнің өзгеруіне қандай ықпалы бар?

Toyota тарихы: тоқыма станоктың орнын көлікке алмастыру

Технологиялар әлемін дүр сілкіндіретін Никола Тесланың 10 тамаша идеясы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз