ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қазақстанда қоғамдық мәселелердің түрлі бағыттары бар. Соның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық, білім беру сапасындағы теңсіздік, экологиялық жағдайдың нашарлауы және урбанизация салдарынан туындайтын әлеуметтік қиындықтар ерекше өзектілігін сақтап отыр.
Еңбек нарығындағы жағдай
Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,3 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 7,1 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,9%) жалдамалы жұмыспен, 2,2 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,1%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.
2024 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 116,2 мың адамға, жалдамалы қызметкерлердің (159,6 мың адамға) есебінен өсті.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,4%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларында байқалды.
Мысалы, жұмыссыздық – жастардың болашағына тікелей әсер ететін күрделі мәселе. Білім алғанымен, мамандығына сәйкес жұмыс таба алмау олардың әлеуметтік жағдайын әлсіретіп қана қоймай, қоғамдағы белсенділігін де төмендетеді. Ал экологиялық проблемалар – ауаның ластануы, қоқыс мәселесі мен судың тапшылығы – бүгінгі күнмен шектелмей, келер ұрпақтың өміріне де әсерін тигізеді. Сондай-ақ, әлеуметтік теңсіздік пен денсаулық сақтау саласындағы қиындықтар да назардан тыс қалмайды. Ауыл мен қала арасындағы білім беру мен медициналық қызмет сапасындағы айырмашылықтар әлі күнге дейін толық шешілген жоқ.
Қоғамдық мәселелерді еңсеру үшін мемлекет пен халықтың бірлескен іс-әрекеті қажет. Әрбір азамат белсенділік танытып, өз ортасына пайдасын тигізе алғанда ғана қоғамдағы өзекті түйткілдердің шешімі табылады. Қоғамдық мәселелерді шешу – әділдікке, бірлікке және тұрақтылыққа бастайтын маңызды қадам.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Омирбаева Гулжан
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі