Хан Темір Жұқаны асқа шақырып, аспазға ішіне әнжүр мен қаймақ салынған нан дайындауды тапсырыпты. Бұл тағамды Жұқа өте жақсы көреді екен. Бірақ, дастархан жиылғанға дейін бұл тағам әкелінбепті. Жұқа іштей ренжісе де, ләм-мим дей алмапты.
Жашиқ оқып болғаннан кейін, хан Темір:
— Жұқа, Құран бағыштап жібермейсіз бе? — депті. Жұқа Құран бастапты.
— Қайырымы зор, мархабаты мол Алланың атымен бастаймын. Зәйтүн ағашына сүйеніп тұрып ант етемін...
— Әнжүр деген сөзді ұмытып қалдыңыз, — депті хан Темір сол аралықта сөз қыстырып.
— Әнжүр деген сөзді мен емес, сіз ұмытып қалдыңыз, — депті сонда Жұқа.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі