Эссе және өлең-жыр байқауы

Насихат

Ақ шаһардың әкімі әйелінің сөзінен шықпайды екен. Әйелі үкімет жұмысына, тіпті, біреудің мансабын өсіру, біреуге мансап беру, енді біреуді мансабынан алу істеріне дейін араласып жүріпті.

Бұл жайға наразы болған жұрт бір күні Жұқаны тауып:

— Жұқа мырза, әкімге насихат айтудың бір амалын таппайсыз ба? — дейді. Жұқа бұған мақұл болады. Бір күні әкім өзін қабылдағанда Жұқа оған насихат айта келіп, әйелінің сөзіне кіргендердің қалайда пәлеге ұшырап отырғандығына қатысты тарихи мысалдарды баяндап береді.

Жұқаның насихаты бойынша әкім ендігәрі әйелінің сөзіне кірмейтін болады. Көп өтпей әкімнің бәйбішесі ерінің өзіне қаратқан позициясының басқаша болып жүргенін сезеді де, мұның себебін іздестіріп, ақыры Жұқаның насихаты салдарынан осылай болғандығын біледі. Сонымен, әкімнің бәйбішесі Жұқаның әйелін айналдырмақ болады.

Салт бойынша әкім әр жылы жазда Жұқаны қонаққа шақырады екен. Бұл жылы әкімнің бәйбішесі Жұқаға әйелін ерте келуді де ілтипат етеді. Жұқа әйелін ертіп келгеннен кейін қонақ иелері оларды ат тұрманы құйылған үйге орналастырады. Жұқаның әйелі Жұқаға:

— Анау бір ер тұрман тұр екен. Соны ойнайық па? — дейді. Жұқа бұған мақұл болады. Сонымен, әйелі Жұқаның арқасына ер тұрман ерттеп, басына ноқта сап мініп алады да, үй ішінде арлы-берлі жүре бастайды. Бәйбішесі есіктен кіріп келіп, мына бір қызықты көргеннен кейін ішек-сілесі қата күледі. Әкімнің бәйбішесі әкімді шақырып келіп, бұл қызықты тамашалатады. Әкім де қатты күліп, Жұқаға:

— Бұл не қылғаның, Жұқа мырза? — дейді.

Жұқа аса байсалды іспетте:

— Көрдіңіз бе, әйелдің сөзінен шықпағанның кесірі осы болады. Менің сізге насихат айтудағы мақсатым сізді осындай күйге түсіріп қоймау үшін еді. Мен ғой жайын бұқарамын, тең үйдің бәкін-сөкін істерімен ғана айналысамын, бірер ұятқа жолықсам да, үй ішімде болады, ал сіз болсаңыз әкімсіз, сіздің тізгініңіз әйелдің қолында кетсе, онда бүкіл ауданның былыққаны емес пе? — дейді.

Әкім Жұқаның насихатын түсініп, сонан былайғы жерде әйелінің сөзіне кірмейтін болады.


Қарап көріңіз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×