Өлең, жыр, ақындар

Әзілбайдың әзілдері

Әзілбай ауырып емханаға барса көрші үйде тұратын бір танысы да ауру көрсеткелі сонда жүріпті. Дәрігер бір, аурулар көп болған себепті Әзілбайдың да кезек күтуіне тура келіпті.

Әзілбай танысының жайын сұраса, ұйқысы қашып жүргенін айтыпты. Сөйтіп отырғанда әлгі танысының кезегі келіпті де дәрігердің жанына барып бір уыс таза мақта сұрап алыпты. Дәрігерге көрініп дәрі алмай, мақта сұрап алғанын көрген Әзілбай:

— Мұны қайтесің? — деп сұрапты.

— Жақында біреу маған: «ұйқы дәрісін көп ішпе, асқазаныңа зиян, онан да біраз мақта тауып ұйықтарда екі құлағың- ның тесігін мықтап бекітіп алсаң, ұйқың жақсы болады» деген еді, соған алдым, — депті.

— Мынауың, әрине, жақсы ем екен, — депті Әзілбай, — бірақ мұны басқаларға албаты айтушы болма.

— Неге? — депті әлгі танысы таң қалып. Сонда Әзілбай аузын оның құлағына жақындатып:

— Түнде үйіңе ұры кіруі ғажап емес қой, — деген екен сыбырлап.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз