Бір реткі қонақасында Майбас арақты қалыптан тыс көп ішіп басы айналған соң далаға шықпақшы болыпты. Үй иесі:
— Ағаңды далаға ертіп шық, — деп он жасар шамасындағы ұлын қосып беріпті. Майбас далаға шыға ағыл-тегіл құсыпты. Адамның қасында тұруды ыңғайсыз көрген бала қайтадан үйге еніп кеткен екен, соның арасында бір ит Мәкеңнің қасына келіп құсығын аңдып шұқия қалыпты. Мәкең әбден құсып болып жанына қараса, бір нәрсе қарайып отырыпты. Оны өзімді ертіп шыққан бала екен деп ойлаған Мәкең:
— Ей, балам, бір шыны су алып шықшы, аузымды шайқайын, — депті. Бірақ ит міз бақпапты. Ары айтып, бері айтып тілін алдыра алмаған Мәкең бір кезде ашуланып:
— Недеген тілазар иттің баласысың, ей! Бір шыны су алып шық деймін, — деп итті шапалақпен тартып жібергенде ит арс етіп Мәкеңнің қолынан ала түсіпті, сонда Мәкең:
— Қап! Мынаның баласы қашан ит болып кеткен, ей! Қолым- ды оңдырмай қапқанын қарашы, — деп итті тұра қуыпты.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі