Ортақ тілмен сөйлесетінбіз

Туысшылай қырға шыққан қалалық бір әйел сол ауылдағы әйелдермен әңгіме дүкенін құрып отырғанда, бір таныс ханзу әйел үйге күрек, дағар секілді егістік саймандарын сұрап келіпті. Отырғандардың бірде-біреуі әлгінің не деп жатқанын біле алмапты. Сонда бір қалжыңбас құрдасы әлгі қалалық әйелден:

— Ей, қатын, қаладан келдің ғой, мынау не деп жатыр? — деп сұрапты. Сасқалақтап қалған әлгі әйел:

— Үй, тәйір-ай, бұныкі жерлік тіл ғой, біз қалада ортақ тілмен сөйлесетінбіз, — депті шімірікпей.

 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз