Өлең, жыр, ақындар

Балам, тез шайнап таста!

Әзілбайдың дүйде істеп жүрген кезінде балалары жас болса керек. Оның үстіне мандымды еңбеккүш жоқ болғандықтан, «дәреже нормасы» деп аталатын норма Әзілбайда тапшы болып, нормалары ай сайын жетпей жүреді екен. Сондай бір кезде дүйдің астық кадріне барып ешнәрсе өндіре алмай, аяғы жаңжалдасып қалыпты. Бойынан ашуы тарай қоймаған Әзілбай тымырайған күйде үйіне келіп, ұнсыз шайға отырса керек.

Әкенің көңіл-күйімен жұмысы болмаған кенжесі өзіне қойылған шай шынысындағы бір саманы сүзіп алып, Әзілбайға ала ұшыпты:

— Әке, үйге қонақ келеді екен, міне, міне.

«Қонақ тұр ғой өзіңе тауып бере алмай отырғанда ...» деп ойлаған Әзілбай баласына бұйыра тіл қатып:

— Балам, тез шайнап таста! — депті.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз