Төлебай мен қажы

Төлебай аңға шығыпты. Түс ауа бере бір түлкіні індетіпті. Інге шыбық салып алайын деп жатқанда, Ерәлі деген қажы келіп:

— Е, байлансын-ақ, — деп іннің алдына отырып алыпты. Төлебай түлкіні іннен алып шығып, құлағын кесіпті де, «мұнтитты деген — осы» депті. Одан соң құйрығын кесіпті де, «шұнтитты деген — осы» депті де:

— Ал, бар да, ана жақта жүрген көп түлкіге айт, — деп түлкіні қоя беріпті.

Ерәлі қажы:

— Төлебайды жын ұрған ба, ұстап алған түлкісін қоя бергені несі? — деп ашуланып, аулына қайтып кетіпті.

Ерәлі кеткен соң Төлебай әлгі түлкінің ізімен келе жатса, көп ұзай алмай, қансырап жығылған екен. Түлкіні байлап қайтыпты.

 


Ұқсас тақырыптар

ел аузынан түлкі Бабалар сөзі
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)