Қашықтан оқыту форматына көшуге барлық университеттің қауқары толығымен жеткілікті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында айтылды.
«Қашықтан оқыту форматына көшуге барлық университеттің қауқары толығымен жеткілікті. Жалпы біздің еліміздегі университеттер үлкен қалаларда орналасқан, сондықтан барлық жерде техникалық және интернет жылдамдығы жағынан мүмкіндік бар», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Ол орта білім беру мекемелеріне де тоқталып өтті.
«68 мектепте мүлдем интернет жоқ. Бұл мәселе бойынша тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз, бірақ колледждер мен ЖОО-ларда қашықтан оқуға толық мүмкіндік бар. Біз 1,5-2 ай бұрын осы бойынша жұмысты бастап кеткен болатынбыз. Тестіден өткізіп, қашықтан жұмыс жасай алатындарын анықтадық», - дейді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі