Бір адам жасынан аң аулап күн көреді екен. Бір кезде ауын бір ағаштың түбіне құрып қойып жүрсе, қапыда арыстанға кездеседі.
Арыстан:
— Ей, адам! Кездеспей жүр едің, бері кел, құлақ сал сөзіме, сенің істегеніңнің бәрі қиянат көрінеді, маған сырттан қайрат ететін көрінесің, күшің артық болса құтыл менен, аузыма бір-ақ салайын ба?
Адам айтады:
— Сенен күшім артық болмаса да сенімен айтысамын, егер күшті болсаң анау жерде менің құрып қойған бір нәрсем бар, содан өт, егер де өтіп кетсең мені жеп-ақ қой, арыстаным, — дейді.
Арыстан:
— Айлаңды көріп тұрмын, әуелі өзің өтші, — дейді.
Адам аудың астынан өте шығады. Арыстан өтемін деп бар пәрменімен секіргенде торға барып оралады. Сөйтіп, адам айласымен арыстанды торға түсіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Сара
қысқа қызық ертегі
Жулдыз
Арыстан мен кісі ертегісіне талдау жасау