Өлең, жыр, ақындар

Керуеншілер

Ерте уақытта Қызыларай маңында ұн тапшы болыпты. Сол уақытта бұл өңірдің адамдары Алатаудан ұн тасыса керек. Сондай бір жолы «ақ малға» барғандар олжалы қайтып келе жатады. Сол Алатау төңірегін бірнеше керуеншілер түнеп жатады екен. Сонда керуеншілер Алатаудың асқар биік шыңдарын, оның төбесінен мәңгі қар кетпейтіндігін мақтайды. Сонда керуеншілердің бірі тұрып:

— Түу, Алатауды да тау дейсіңдер ма? Бізде Қызыларай деген тау бар. Мұның жанында төбеге де тұрмайды, — деп, — бірде сонда жылқымды жоғалттым. Сол кезде Қызыларай тауының төбесіне шықтым да, төбедегі жұлдыздарды құрықпен сермеп қалып едім, жұлдыздар жерге саудырап түсіп жатты, — деп аңқау халықты сендірген екен.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз