Өлең, жыр, ақындар

Әубәкір

Ақтоғай өңірінде Боздақтың Әубәкірі деген ақсақал жүзге қараған шағында қайтыс болған. Бұл кісі ел аузындағы ертегі, қисса, аңыздарды  білумен қатар, өз жанынан да бірер ауыз қағытпа сөздер шығаруға шебер болған.

Бірде Әубәкір ауылдасы Бәкір деген адаммен жолсерік болып келе жатады. Үлкен бір таудың жанынан өтіп бара жатқанда өз бала күнінен жайлаған жер болса да, сол таудың атын ұмытып қалыпты да:

— Әуке, мал бағып жүріп әбден баспақ болыппын. Ешқайда шықпаушы едім, мына таудың аты қалай аталушы еді, — деп сұрапты.

Сонда Әубәкір ойланбастан:

— Бұл таудың аты — Серек, осы уақытқа дейін білмей жүрген Бәкір қалай зерек, — деген екен.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер