Өлең, жыр, ақындар

Жүністің жер соғуы

Сыздық деген сері жігіт Қызылжар қаласының төңірегінде тұратын нағашысын іздеп шығады. Ел ішінде соғым сойылып жатқан мезгіл болса керек. Жігіт жүре-жүре сол атырапқа аты жайылған Жүніс байдың ауылына кеп жетеді. Ымырт жабылған кез. Аттан түсіп, байдың үйіне кіріп келсе, үш-төрт адам шай ішкелі жатыр екен. Жүніс бай қабағын түйіп, реніш білдіреді.

Теріс қарай сөйлеп:

— Бала, мына дәмге кез келдің. Қуырдақ жеп, шай іш. Басқа бір үйге барып түнерсің. Соғым сойған күні кісі қондырмайтын ырымымыз бар еді, — дейді бай. Амал қанша, шай ішіп алып, қайтадан атқа қонып, іңір қараңғысымен жүріп кетеді. Елдің күзеті мен қыстауының шеті Қызылжарға дейін созылады екен.

Сыздық жол-жөнекей:

— Бүгін Жүніс бай кенеттен қайтыс болды. Соған жаназаға шақырып жүрмін. Ертең ертемен байды жерлейді» деп жар сала жүреді...

Жүністің өлімін аза тұтып, ауылға ат қойған ағайын-туыс, құдандалы-жекжаттар ертеңіне-ақ қарақұрымдай қаптап кетеді. Өлімнен олжа іздеген қожа-молдалар да қалмай жиналады. Еріксіз мал сойылып, табақ тартылады. Салт атты жолаушыны қондырмай, бір адамды ауырсынған Жүністің мысы құрып, келесі күні жүз қаралы кісіге қонақасы беріпті.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз