Өлең, жыр, ақындар

Мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылығын арттыру мәселелері

Қарағаны облысы Теміртау қаласы
№21 ЖББОМ–нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Карибаева Меруерт Талғатқызы 

Оқу - бала өміріндегі ең  маңызды мақсат. Оқуға салмақты мән-мағына беру, білім беру жүйесінің ең бір маңызды мәселелерінің бірі. Оқуға, білім алуға деген себеп-салдардың жоқтығы, баланың оқу процесіне деген қатыстылығының жоқтығын және баланың тұлғалық - аластаушылық кескінін көрсетеді. Баланың мектепке бірінші келген кезіндегі ең басты социальдық ролі, оқу, білім алу барысында ұзақ уақытқа сүйемелдене алмайды да, келе – келе өз мағынасын жоғалта бастайды. Оқудың себеп - салдарлары, оқу қызметінің қажеттілігін шегелей келе, оқушыларды теориялық білімдерді жаңғырту тәсілдерін игеруге (бұл себеп-салдарлар балаларды білім алу тәсіліне, олардың нәтижесіне емес, бағыттайды) ұмтылдырады. В. В. Давыдов оқу қызметінің қажеттілігі оқушыларды теориялық білім алуға, ал себеп-салдар оқу мәселерін игеруге бағытталған тікелей оқу қызметін құру тәсілін игеру деп түсіндіреді. Л. С. Выготский өзінің «Педагогикалық психология» кітабында, баланы қандай да бір қызметке жұмылдыру үшін, алдымен Баланы сол жұмыспен қызықтыра алу керек, оның сол жұмысты атқаруға дайын болуына қамқорлық жасау керек деп көрсетеді. Бұл жағдайда, қызығушылық түсініктемесін қарау маңыздырақ болып саналады, себебі, біздің ойымызша, тек қана қызығушылық, адамның белсенді қимылының өз сұранысын игеруге арналған, адам белсенділігінің қозғалытқышы болып саналады.

Қызығушылық ұғымы В. Вычевтың, Л. С. Выготскийдің, Б. И. Дадоновтың, Е. П. Ильиннің, Д. А. Кикнадзенің, А. Н. Леонтьевтың, А. В. Петровскийдің жұмыстарында тереңірек қарастырылған. Сонымен, оқуға, оқу қызметіне деген қызығушылық, тұтынушылық пен оны қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама-қайшылықтарға негізделген және баланың белсенділігінің пайда болуына өте қажет. Бірақ қызығушылық оқу қақтығысы кезіндегі қарама - қайшылықтар, баланың шешуіне мүмкін болса ғана тұрақтана алады, болмаса қызығушылық жоғалады. Бір жағынан, егер қиындық болмаса қызығушылық та туындамайды. Қызығушылықты қанағаттандыру, оның өшуіне әкеліп соқтырмайды, қайта таным қызметінің одан жоғарғы деңгейінде жаңа қызығушылықтар тудырады. Баланың қызығушылығын оқулық - пәндік мағынаға аудару, оқу қызметінің құрылуына, оқу қызметінің субъектісінің сомдалуына, сөйтіп, оқу процесіне қатысын көрсететін баланың жеке қызығушылығының тууына әкеледі. Мектеп оқушылары көп жағдайда, мектеп дейінгі жастағы балаларға қарағанда, өзінің бір нәрсеге деген көңілін, пейілін тежей алады. Оқушылардың көпшілігі өзінің оқу қызметінің жалпы мағынасының өзгергеніне қарай, нақты мақсаттарын да өзгерте алады. Бұл іс - қимыл дәлелінің қайту – қайтару механизмі жұмыс істей бастағанының дәлелі бола алады. Мектеп оқушыларында өз іс - қимылдарын жоспарлау әдісі дамып, өркендей бастайды. Оқудың дәстүрлі тәсілдерінде оқу мотивациясының құрылымы болмауы да мүмкін. Әлі де оқыту іс - қимылына жатпайтын қызметтің, оқыту, білім беру қызметіне айналуының бірбен бір алғышарттары болып себеп-салдардың өзгеруі болып табылады. Өкінішке орай, мектептерде, әдетте, сыртқы түрткі әдісімен жұмыс істейді, және сыртқы түрткі ретінде — баға қою әдісін пайдаланады, яғни, мектепте мәжбүр ету жүйесі пайда болады. Оқу мотивациясының нағыз түрі, балалар мектепке құстай ұшып, асыққанда, оларға ол жерде болу жақсы, әсерлі, қызық болғанда ғана пайда болады.  Оқудың, білім алудың себеп-салдарларының бірнеше топтарын атап көрсетуге болады: әлеуметтік (оқудың әлеуметтік маңыздылығын сезіну, оқудың тұлғалық-дамушылық мәнін түсіну, дүниетаным мен көзқарасты дамытуға ұмтылу және т. б.); танымдық (білім алуға қызығушылық, білмекке құмарлық, танымдық қабілеттерін дамытуға ұмтылу, танымдық іс-әрекеттен қанағат табу және т. б.); тұлғалық (өзін-өзі құрметтеу және намысқойлық сезімдері, құрбы-құрдастарының арасында беделге ие болуға ұмтылу, жекетұлғалыққа ұмтылу, тұлғалық қасиеттерді дамытуға ұмтылу және т. б.) Мектептерден байқауға болатын себеп - салдарлардың тағы бір түрі – ол сәтсіздіктерден қашқақтап немесе жаза алудан жалтару. Ол, оқудың бас кезінде, кіші сынып оқушыларының жақсы үлгірушілеріне де, жаман үлгірушілеріне де тән болуы мүмкін,  бірақ, бастауыш мектепті аяқтау кезіне соңғысыларында ол әжептәуір күшке ие болады, себебі ол оқушыларда табысқа жету себеп-салдары жете дамымаған. Негізі, оқудың бастапқы кезеңінде оқудың себеп-салдары кіші мектеп оқушылары үшін әлеуметтік-психологиялық факторлардан тұруы мүмкін: сыныптастарының алдында жақсы көріну, өз оқытушысын қадір тұтып, оған өзінің сабақта жауап беруімен қанағаттандырып, одан мақтау естуі. Келешекте білім беру жүйесінің арнайы құрылған кеңістіктер арқасында себеп - салдарлардың құбылуы мүмкін. Сөйтіп, ең басты себеп  болып оқу, білім алу қалады. Сәтсіздіктерден қашқақтау барысында бала, қорғану іс - қимылдарына барады: көшіріп жазу, сыбырлау көмегін пайдалану, шпаргалка және тағы басқалар. Мұндай іс - әрекеттердің болуы білім беру жүйесіндегі қақтығыстарды өнімсіз басып өту стереотиптерін көрсетеді, атап айтқанда, баланың берілген мағлұматтардың қарсылығын жоя алмай  және оқу процесінен аластауын, оқуды жатырқауын көрсетеді. Сонымен, оқу қызметінің теориялық білім ретіндегі мағынасы, екінші жағынан қажеттілігі болып саналады, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтары, әр баламен арнайы ұйымдастырылған жұмыс арқылы оқуға - білім алуға деген қажеттілікке айналуы керек. Оқу процесі оның себеп - салдарының пәнді игерудің ішкі мағынасымен байланысты құрылуы керек. Қоғамдық-қажетті іскерліктің себеп - салдары жалпыламалық болып қала берсе де, оқуға деген ынтаны оятатын мағына, мектептегі баланы оқыту ісінің мағынасындай болып қала береді. Оқу ісінің себеп - салдары, оқу қызметіне деген қажеттілікті анықтай келе, оқушыларда теориялық  білімдерді қайта жаңғырту (бұл себеп - салдарлар балаларды игеру процесі кезінде оларды нәтижелік бөлігіне емес, алу тәсіліне бейімдейді) тәсілдерін игеруге ықпал жасайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз