Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультеті 2010 жылдан бері «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығы негізінде бакалавриат, магистратура бойынша мамандар даярлайтын еліміздегі жалғыз факультет. Сонымен қатар, бұл мамандық бойынша Докторантураға 2017 жылы №0137355 лицензия алынып, қабылдау 2019 жылы жүзеге асырылды. Аталмыш мамандыққа 5 мемлекеттік грант бөлінді.
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету мамандығы бойынша білім беру докторантурасының негізгі міндеттері:
- архив ісі және құжаттану саласында PhD докторларын даярлау;
- архивтану мен құжаттану бойынша теориялық білім деңгейлерін көтеру;
- архив ісі және құжаттану саласы бойынша ғылыми әдебиеттерді пайдалану дағдыларын жетілдіру;
- ғылыми пәнаралық байланыстардың әдістерін игеру;
- мұрағатшылар мен құжаттанушылардың көшбасшылық қабілеттіліктерін қалыптастыру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру;
Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаммен қамтамасыз ету мамандығының докторанттарына ақпараттық технологияларға байланысты «Архивтану және құжаттанудағы ақпараттық жүйелер» және «Электронды құжаттардың метамәліметтерін басқару» курстары бойынша техника ғылымдарының докторы, профессор Жапаров Борис Әлікенұлы дәріс оқыды. Архив ісі саласында өзекті мәселелердің бірі электронды құжаттар мен аудиовизуалды коммуникациялар туралы «Аудиовизуалды және электронды құжаттар археографиясының проблемалары» және «Қазіргі әлемдегі аудиовизуалды коммуникациялар» курстары бойынша тарих ғылымдарының докторы, профессор Сексенбаева Гүлзира Ашимханқызы дәріс оқыса, көшбасшылық қабілетті дамыту бойынша «Басқару ісін модельдеу» курсын тарих ғылымдарының докторы, профессор Жакишева Сауле Аукенқызы дәріс оқыды.
«Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығының докторантурасына түскен докторанттарымыздың докторлық диссертацияларының тақырыптары архив ісінің өзекті мәселелерін қамтуға бағытталған. Атап айтсақ «Президент Архивінің партиялық қорларындағы “ерекше папкалардың” құжаттары», «Қазақстан Республикасы архивтеріндегі жеке тектік қорлар: қалыптастырудың ғылыми негіздері», «Қазақстандағы 1918-1991 жж. архив органдарының қызметі» тақырыптары таңдалды. Бұл таңдалған тақырыптар бойынша Партияға қатысты құпиясыздандырылған құжаттар туралы және елімізге еңбегі сіңген танымал тұлғалардың жеке тектік құжаттары, сонымен қатар архив органдарының қызметі туралы мәселелер зерттелінеді. Ал құжаттану саласында «Мемлекеттік органдарда электронды құжат айналымын енгізу тәжірбиесі мен басқару тиімділігі» тақырыбында Алматы қаласы әкімдігінің қолданысындағы электронды құжат айналымының тәжірбиесі туралы мәселе қарастырылса, пәнаралық байланыста «Кітапханалар цифрлық ақпараттық кеңістікте: еуропалық және отандық тәжірбие» тақырыбы алынды.
Елімізде ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарламаны іске асыруда архив іс мамандарының атқаратын қызметі зор. Сонымен қатар еліміздің экономикалық, мәдени, саяси тарихына қатысты жазба деректерімізді сақтайтын мұрағаттанушы мамандығынның докторанттарын даярлау архив ісі мен құжаттанудың ғылым ретінде дамуына тигізетін әсері мол.
Төлебаев Т.Ә. - т.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры
Максымканова А.Х. - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс PhD докторанты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі