Өлеңдер Бөлімі

Індет пен Міндет

Баршаңызға Ассалаумағалейкум!

Мен Еңбекшіқазақ ауданы, Əл-Фараби атындағы орта мектептің 9"А" сынып оқушысы Ахатов Жамбыл боламын. Мектепте барлық іс-шараларға мейлінше көп қатысып, шамам келгенінше ат салысуға тырысамын.

Бүгінгі таңда бəрімізге белгілі короновирус елімізде өршіп кетті. Бұл індеттің алдын алу мақсатында талай маманның білек сыбана, аянбай жұмыс істеп жатқаны бəрімізге белгілі. Елімізде аты жаман вирус пайда болғалы бері көп нəрсе өзгерді. Барлық жерлер жабылып, оқушылар сабағын тоқтатты. Осыған орай оқушылар арасында қашықтықтан оқыту жүйесі де қолданыла бастады. Мұғалімдер жұмыстарын тоқтатпай, шəкірттерінің білімін шыңдау мақсатында үлкен еңбек етуде. Əлеуметтік желілердің көмегімен білім алу ешкімге аса қиындық тудыра қойған жоқ, себебі қазіргі XXI ғасырда ғылым мен технология жетік дамыған. Оқушылар да белсенділіктерін жоғалтпай, өздерін жақсы қырларынан көрсетуде.

"Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға. "-деп Абай атамыз айтпақшы, мұғалімдер қай кезде болсын шəкірттерін білім нəрімен сусындатуға дайын. Үкімет тарапынан да көмектер аялып жатқан жоқ. Əлемді дір еткізген бұл вирус ешкімге оңай тиген жоқ. Алайда біз де барынша бұл індеттен тез құтылу үшін аянып қалмауымыз керек. Ол үшін ең əуелі тəртіпке бағынып, үйде отыруымыз керек. Қашан да болсын басымызға келген қиындықтарды жеңіп шығарымызға сенемін.

Біз қазақ мың өліп, мың тірілген өр рухты халықпыз. Ешқашан басына келген сынақтарға мойымай жеңе білген ата-бабаларымыздың жолымен біз де бұл жағдайда сабырлы болуымыз керек. Ұрпақтарға дəстүр мен дінімізді дəріптеп, бірлігімізден ажырамай, сыйластығымыз жойылмаса - алынбайтын қамал жоқ. Бұл аты жаман індет елімізден бір жола жоғалып, бəріміз бұрынғы қалпымызша жақсы өмір сүруге Алла нəсіп етсін. Дəрігерлерге АЛЛА күш қуат берсін. Қаншама дəрігерлер біз үшін жұмысын тоқтатпай, өз өмірлерінен өзгенің өміріне көбірек көңіл бөліп, бұл вируспен күресуде. Сондай абзал жандарға қанша алғыс айтсақ та аз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Жамбыл Ахатов


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×