Бұрынғы заманда үш ағайынды кісі бар екен. Олардың ортасында жалғыз өгізі бар екен. Бір күні өгізі бұны-қаны болып, төгісіпті.
Бұл өгіз сусаған екен деп, үшеуі өгізді жетектейді. Біреуі жетелеп алдын, біреуі үстіне мініп алды, біреуі артынан айдап алды. Сөйтіп, ертемен келе жатса, алдынан бір кісі жолықты. Баяғы үшеуі жолыққан кісіден сұрайды:
— Көл, су алыс па? — деп. Сонан соң әлгі кісі айтты:
— Ертерек бар, жеткенше көл суалып қалады, — деді. Анда басын жетелеген кісі айтты:
— Алдағымызға барып айтыңыз, өгізді жылдам айдасын, — деді.
Сонан соң әлгі кісі жүріп, түсте өгіздің беліндегіге келді. Ол айтты:
— Өгізді жылдам айдасын деп айтады алдағы кісі, — деді. Сонан соң баяғы айтқан кісі күн батқанда өгіздің құйрығындағы кісіге келді. Сонан соң өгізді жылдам айдап, көлге келіп, бір көлді бүтін ішіп, бір көлді ішіп жатқанда, сол көлден балық шығып, өгізді сорып кетті. Сол өгізді сорған балықты бір бүркіт келіп, алып кетті. Бүркіт қайда қонарын білмей, бір ешкі қайтарған шалдың текесінің мүйізіне барып қонды. Сол ешкі қайтарған шал қорқып, текенің сақалына жабысады. Сонан соң бүркіт өгізді жеп бітіргенде, өгіздің бір дәліні тұмсығына ілінбей, түсіп кетті. Түсіп кеткенде, жерге түспей, шалдың көзіне түседі. Шал үйіне барады.
— Көзіме шөп түсті, — деп. Сонан соң шалдың көзіне үш азамат кіріп, шалдың көзіндегі дәліні сүйретіп шығады.
Сонан соң бір топ керуен келіп, қараңғыда дәлінің үстіне қонады. Сол қонған керуен жүз кісі екен, ол ертемен тұрып, шәй ішіп жатса, отырған жері қимылдайды. Шал шайқалып, екі жақты қараса, сол даланың бір басында ет қалған екен дейді. Соны түлкі жеп жатыр екен. Жүз кісі баяғы түлкіні қуып, ұстап алады. Бір жақ қапталын сойып алып, шек-арқасы тебетей болады. Бір жақ қапталын орай алмай, кетіп бара жатса, бір кемпір келе жатыр екен. Соны кемпірге айтыпты болған оқиғаны. Сонан соң кемпір келіп, бір қолымен ала салдырып, сойып алып, үйіне алып барып, бесіктегі баласына тебетей шықпай, бір кішкене малақай шығады екен. Сонда сұрағаны: өгіз шоң ба, бала шоң ба, түлкі шоң ба, бүркіт шоң ба? — деді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі